Articles

ЗУЛ-ХИЖЖАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІНІҢ ҰЛЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ





СОНДАЙ-АҚ





ӘТ-ТӘШРИҚТІҢ ҮШ КҮНІ ТУРАЛЫ





فضائل عشر ذي الحجة وأيام التشريق





<Қазақ тілі – Kazakh – كازاخي >





сайтының редакциясы дайындаған





қазақ тіліне аударған www.abuhanifa.kz





www.toislam.com من الموقع





—™





ЗУЛ-ХИЖЖАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІНІҢ ҰЛЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ





СОНДАЙ-АҚ





ӘТ-ТӘШРИҚТІҢ ҮШ КҮНІ ТУРАЛЫ





Бірінші басылым





сайтының редакциясы дайындаған





қазақ тіліне аударған www.abuhanifa.kz


Мазмұны





Кіріспе





Зул-хижжа айының алғашқы он күнінің ұлы артықшылықтары туралы





Зул-хижжаның он күні – бұл жылдың ең ұлы күндері





Игі істердің ең жақсылары – бұл зул-хижжа айының он күнінде істелген істер





Зул-хижжаның он күніндегі Аллаһты зікір ету сөздері мен Айт (мереке) тәкбірлері





Мерекелі тәкбірлерді нақты қашан айту керек





Әйелдер мерекелі тәкбірлерді айтады ма?





Мерекелі тәкбірлердің түрлері





Зул-хижжа айының алғашқы тоғыз күнінде ораза ұстау туралы





Тоғызыншы зул-хижжа – Арафа күні ораза ұстау





Қажылық жасаушы адам Арафа күні ораза ұстамауы жақсырақ екендігі туралы





Зул-хижжа – бұл Исламның ең ұлы тіректерінің бірі болған Қажылықтың рәсімдері орындалатын ай





Қажылық рәсімдерінің ұлы артықшылықтары туралы





9 Зул-хижжа – бұл ұлы Арафа күні





Арафа күнінде Аллаһ құлдарын Тозақтан азат етеді, әрі олардың күнәларын кешіреді





Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнінде жасалған дұға





10 Зул-хижжа – Бұл Құрбан Айт намазы орындалатын күн (саләтул-'Ид)





Айт намазының уақыты





Айт намазынан кейін бір-бірін құттықтауға рұқсат етілгендігі туралы





Ораза Айт пен Құрбан Айт күндері ораза ұстауға тыйым салынғандығы туралы





Ораза айт пен Құрбан Айттағы түнгі намаздар жайында





10 Зул-хижжа – бұл мерекелі құрбан шалу (Удхия) басталатын күн





Мерекелі құрбан шалуды орындау уақыты





Құрбандыққа шалынатын малға қатысты қойылатын шарттар





Әт-Тәшриқтің үш күні туралы





Әт-Тәшриқ күндері – бұл ішіп-жеу және Аллаһ Тағаланы зікір ету күндері





Әт-Тәшриқ күндерінде ораза ұстауға тыйым салынғандығы туралы





Әдебиет





Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен





КІРІСПЕ





Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.





«Әй, мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер!» («Әли 'Имран» 3: 102).





«Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Оның атымен бір-біріңнен сұрайтын Аллаһтан қорқыңдар, әрі туыстық (байланыстарды) үзуден қорқыңдар. Ақиқатында, Аллаһ сендерді бақылауда!» («ән-Ниса», 4: 1).





«Әй, мүміндер! Аллаһтан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Ал кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бой ұсынса, ол ұлы табысқа ие болды» («әл-Әхзаб» 33: 70-71).





Содан соң:





Ақиқатында, ең жақсы сөздер – бұл Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолы. Ең жаман амалдар – бұл діндегі жаңалықтар, діндегі әрбір жаңалық – бидғат, әрбір бидғат – бұл адасушылық, ал әрбір адасушылық – Отта.





Құлдары Оған әртүрлі ғибадаттар арқылы жақындайтын күндер мен түндерді, сондай-ақ жыл мезгілдерін жаратқан Аллаһқа мадақ. Әрбір мұсылман адам бүкіл өмірінің барысында өзінің Раббысына құлшылық етуге және Оның бұйрықтарын орындауға міндетті. Аллаһ Тағала былай деді: «Раббыңа саған айқын көз жетушілік келгенге дейін құлшылық ет» («әл-Хижр», 15: 99).





Салим ибн 'Абдуллаһ, Мужаһид, Қатада және басқа да сәлафтар: «Айқын көз жетушілік – бұл өлім!», - деп айтқан. Қз.: “Тафсир әт-Табари" 12/384, “Тафсир Ибн Абу Хатим" № 12457.





Алайда Аллаһ Тағала кейбір уақыт кезеңдерін, күндер мен айларды ардақты етті, әрі оларда жасалатын құлшылықтар Аллаһ үшін басқа уақыттарға қарағанда артығырақ әрі сүйіктірек болып табылады. Әрі әрбір мұсылман осыған ерекше көңіл бөлуі қажет. Хафиз Ибн Ражаб былай деп айтатын: “Уақытты жаратқан және игі істер көбейетін кейбір айларды, күндер мен түндерді ардақтап, белгілі бір уақытты басқасынан артық еткен Аллаһқа мадақ. Осындай уақыт кезеңдеріндегі сауаптар Аллаһтың Өз құлдарына түсірген нығметі ретінде, бұл оларға игі істер істеуде, мойынсұнушылық танытуда және ынтаны жаңартуда көмек болуы үшін көбейе түседі". Қз.: “Ләтаифул-мә'ариф" 39.





Имам әл-Мунауи әт-Тыбидің былай деп айтқанын жеткізген: “Игі амалдар, олардың міндеттілері де, сүннеттері мен әдепке (қатыстылары) да, өздерінің құндылықтарындағы айырмашылықтарына қарамастан, бірінің үстінен бірі артықшылыққа ие болады. Өйткені басқа амалдар оның үстінен артықшылыққа ие болған қаншама амалдар белгілі уақыттың немесе орынның себебімен басқа амалдардан артық болады!" Қз.: “Фәйдул-Қадир" 5/584.





Сөйтіп, жыл барысындағы барлық түндердің ішінен Аллаһ Тағала Қадір түнін, ал күндердің ішінен Құрбан Айт пен Арафа күндерін ардақтады. Айларға келсек, Аллаһ онда ораза ұстауды парыз еткен Рамазан айын ардақтады. Аптаның күндеріне келер болсақ, Аллаһ жұманы ардақтады. Ал тәуліктің уақыттары туралы айтар болсақ, Аллаһ мұсылманның дұғасы жауапсыз қалмайтын түннің соңғы үштен бір бөлігін ардақтады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Ең жақсы уақыт – бұл түннің соңғы бөлігі!» әт-Табарани. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми'» 1106.





Сондай-ақ барлық айлардың ішінен Аллаһ қасиетті еткен төртеуін ардақтады. Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, Аллаһтың қасында айлардың саны он екі. Аллаһ көктер мен жерді жаратқан күні Кітабына осылай деп жазылған болатын. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне, осы берік дін. Ендеше, бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер» («әт-Тауба» 9: 36).





Ал олар қайсы айлар екендігіне қатысты айтар болсақ, онда бұны Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уақыт оралып, Аллаһ көктер мен жерді жаратқан күндегі кейпіне келді. Жыл он екі айдан тұрады, олардың төртеуі қасиетті болып табылады. Олардың үшеуі: зул-қа'да, зул-хижжа және мухаррам – бірінен соң бірі ілеседі, ал төртіншісі – жумада сәнийя мен шағбан айларының арасынан орын алған ражаб мудара», - деп түсіндірген. Әл-Бухари 3197.





Әрбір мұсылман осы айлардың қасиеттілігіне ықыласпен қарауы қажет, өйткені Аллаһ оларды ерекше маңызды болуы себепті ардақты етті әрі олардың қасиеттілігіне құрмет ретінде оларда күнә істеуге тыйым салды, өйткені Аллаһ қасиетті еткен бұл уақыттың ұлықтығынан осы айларда істелген күнәлар басқа айларда істелген күнәларға қарағанда ауырырақ болып саналады. Сондықтан да Аллаһ Тағала былай дейді: «Ендеше, бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер» («әт-Тауба», 9: 36).





Аллаһ Тағала сондай-ақ былай дейді: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһтың рәсімдік белгілерінің, құрметті айдың қасиеттілігін бұзбаңдар» («әл-Мәида», 5: 2).





Ибн 'Аббас былай дейтін: “Аллаһ он екі айдың ішінен төртеуін қасиетті етіп, олардың маңызын ұлықтап, ардақтады. Әрі Ол осы айларда (істелген) күнәларды жаманырақ, ал игі амалдар мен сауапты көбірек етті!" Ибн Абу Хатим “әт-Тафсир" № 10000.





Ақиқатында, осы аталған жыл мезгілдері мен айлардың арасында алғашқы он күні жылдың ең ұлы күндері болып табылатын зул-хижжа айы да бар. Міне, Аллаһ Тағаланың рұқсатымен енді солар туралы сөз болады.





ЗУЛ-ХИЖЖА АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІНІҢ ҰЛЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ





Зул-хижжаның он күні – бұл жылдың ең ұлы күндері





Жәбирден Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Бұл дүниенің ең жақсы күндері зул-хижжа айының алғашқы он күні болып табылады!» Әл-Баззар, Ибн Хиббан. Хафиз әл-Мунзири, хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген. Қз.: “Сахих әт-тарғиб" 50, «Сахих әл-жәми'» 1133.





Хафиз Ибн Хәжар былай деген: “Зул-хижжа айының алғашқы он күнін ерекшелеудің себебі осы күндердің ішінде құлшылықтың намаз, ораза, садақа және қажылық сияқты ең маңызды түрлері жиналатынында екені айқын болады. Осының барлығы басқа уақытта бірге жиналмайды". Қз.: “Фәтхул-Бәри" 5/137.





Сондай-ақ осы он күндікте Аллаһты зікір ету, тәкбірлер айту, мерекелі Құрбан шалу (Удхия) және басқа да көптеген рәсімдер заңдастырылған.





Аллаһ Тағала зул-хижжа айының алғашқы он күнімен ант етті, ал Аллаһтың анты осы күндердің ұлықтығы мен маңыздылығына нұсқайды. Аллаһ Тағала былай деген: «Таңмен ант! Он түнмен ант! Жұп және тақпен ант!» («әл-Фәжр» 89: 1-2).





Ибн 'Аббас былай деген: “Он күн – бұл зул-хижжа айының алғашқы он күні!" Ибн Абу Хатим 19233. Хафиз Ибн Ражаб сахихтығын растаған.





Имам Ибн Хәжар әл-Хайтами былай деген: “Ал «Ибн 'Аббас: “«Он түн» – бұл Рамазан айының он күні", - деп айтқан» деген хабарға келсек, оның иснады әлсіз". Қз.: “Итхаф әһл әл-Исләм би хусусыят әс-сыям" 329.





Осы аятта «он түн» дегенде зул-хижжа айының алғашқы он күні айтылатынын Ибн әз-Зубайр, Мужаһид, Мәсруқ тағы да басқалар айтқан, әрі осы пікір, бұл туралы имам әт-Табари мен хафиз Ибн Касир т.б. айтқандарындай, ең дұрыс пікір болып табылады. Қз.: “Тафсир әт-Табари" 30/190, “Тафсир Ибн Касир" 4/539.





Ал осы аятта айтылатын «таң» туралы айтар болсақ, Мужаһид: «Сөз әрбір таң туралы емес, дәл Құрбан Айт күнінің (10 зул-хижжа) таңы туралы болуда!», - деген. Ибн Абу Хатим 19232.





Ал «жұп пен тақ» сөздеріне келер болсақ, Ибн 'Аббас өзінің пікірлерінің бірінде: «Жұп – бұл Құрбан (айт) күні, ал тақ – бұл Арафа күні», - деген. Қз.: “Тафсир Ибн Абу Хатим" 19244.





Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Зул-хижжаның он күні Рамазанның он күнінен жақсырақ, ал Рамазан айының он түні зул-хижжа айының он түнінен жақсырақ!". Қз.: “Мәжму'ул-фәтауа" 25/287.





Хафиз Ибн Касир былай деген: “Көптеген хадистер зул-хижжа айының алғашқы он күні жылдың басқа күндерінің барлығынан жақсырақ екеніне нұсқайды, әрі олар Рамазанның соңғы он күнінен жақсырақ. Алайда Рамазанның соңғы он түні жылдың басқа түндерінің барлығынан жақсырақ, өйткені олар өзінің ішіне мың айдан жақсырақ болған Қадір түнін қамтиды". Қз.: «Тафсир Ибн Касир» 5/412.





Ең жақсы игі істер – бұл зул-хижжа айының он күнінде істелген істер





Ибн 'Аббастың сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Аллаһ үшін зул-хижжа айының алғашқы он күнінде жасалған игі амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ [әрі (олар үшін берілетін сауаптан) үлкен сауап та жоқ]». Одан: “Тіпті Аллаһтың жолындағы жиһад та ма?», - деп сұраған кезде, ол: «Егер өмірі мен мал-мүлкін қауіпке салып, Аллаһ жолына шыққан әрі осылардың ешқайсысын қайтып алып келмеген адамды санамасақ, тіпті Аллаһтың жолындағы жиһад та», - деп жауап берді. Әл-Бухари 2/162, Абу Дауд 2438, әт-Тирмизи 757. Осы жерде әт-Тирмизидің риуаяты келтірілген, ал тік жақшаларға алынған сөздер имам әд-Дәримидің риуаятында келген 1/357.





Хафиз Ибн Ражаб былай деп жазған: “Бұл хадисте өзінен басқа бір амал артықшылыққа ие болған амал белгілі бір уақытта сауабы бойынша одан артық болуы мүмкін екеніне нұсқау бар. Әрі зул-хижжаның он күніндегі амалдар басқа уақытта жасалатын барлық басқа амалдардан артық!" Қз.: “Фәтхул-Бәри" 9/12.





Уа, мұсылмандар, зул-хижжа айының алғашқы он күнінде істелген кез келген игі амалды тіпті басқа уақытта жасалған жиһадтан да артық еткен Аллаһ Тағаланың Өз құлдарына деген рахымына қараңыздаршы!





Имам Ибн Қудама былай дейтін: “Зул-хижжаның он күнінің барлығы ондағы игі амалдар сауабы бойынша екі есе көбейетін құрметті әрі ардақты күндер болып табылады. Әрі осы күндердің барысында құлшылықта ыждағаттылық таныту абзал болып табылады!" Қз.: “әл-Муғни" 3/105.





«Зул-хижжа айының он күні басталған кезде Са'ид ибн Жубайр құлшылық етуде өзгелер онымен теңдесе алмайтындай ыждағаттылық танытатын еді», - деп хабарланады. Әл-Бәйһақи 3752, әт-Тахауи 4/113.





Ал Са'ид ибн Жубайрдың өзі осы түндерді намаз оқумен өткізуге ынталандырып: «Зул-хижжаның он түнінде шамдарыңды өшірмеңдер!», - деп айтатын. Қз.: “Ләтаифул-мә'ариф" 426.





ЗУЛ-ХИЖЖАНЫҢ ОН КҮНІНДЕГІ АЛЛАҺТЫ ЗІКІР ЕТУ СӨЗДЕРІ МЕН АЙТ (МЕРЕКЕ) ТӘКБІРЛЕРІ





Аллаһ Тағала былай деген: «Белгілі күндерде Аллаһты зікір етіңдер» («әл-Хаж» 22: 28).





Ибн 'Аббас: “«Белгілі күндер» - бұл зул-хижжа айының алғашқы он күні", - деген. Қз.: “Сахих әл-Бухари" 1/321.





Ибн 'Умардан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Аллаһ үшін зул-хижжаның он күнінен ұлығырақ күндер және (сол күндерде істелген) амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ. Ендеше, осы күндерде «субхана-Лллаһ», «әлхамдулилләһ», «лә иләһа иллә-Ллаһ» және «Аллаһу әкбар» сөздерін айтуды көбейтіңдер!", - деп айтқаны жеткізіледі. Ахмад 7/224, әт-Табарани “әл-Кәбирде" 3/110. Хадистің сахихтығын хафиз әл-Мунзири, әл-Хайсами және шейх Ахмад Шакир растаған.





Сөйтіп, осы он күнде Аллаһты зікір ету сөздерін көбейту керек екен! Имам ән-Нәуауи былай дейтін: “Зул-хижжа айының он күнінде Аллаһты зікір етуді көбейтіп, әдеттегіден оны көбірек істеу керек екендігін біл. Ал Арафа күні зікірді басқа он күннен көбірек айтқан абзал". Қз.: “әл-Әзкар" 38.





Имам әл-Бухари былай деп баяндайтын: “Ибн 'Умар мен Абу Хурайра зул-хижжаның он күнінде базарға шығып, тәкбір айтатын. Адамдар да оларға қосылып тәкбір айта бастайтын". Қз.: “Сахих әл-Бухари" 1/321.





Ал мерекелі тәкбірлерді айтудың нақты уақытына келер болсақ, олар «Арафа күні таң (фәжр) намазынан кейін басталады да, әт-тәшриқтің үшінші күніндегі екінті намазына дейінгі уақытты (қосып) қамтиды», әрі осы Али ибн Абу Талибтен, Ибн Мәс'удтан және Ибн 'Аббастан жеткізіледі. Ибн Абу Шәйба 1/12, әл-Бәйһақи 3/314, әл-Хаким 1/300.





Әрі сахабалардан біреу осы мәселе бойынша басқаша айтқаны белгісіз. Имам Ахмадқа «Сіз ненің негізінде тәкбірлер Арафа күнінің таң намазынан басталып әт-тәшриқтің соңғы күніне дейін жалғасады деп есептейсің?» деген сұрақ қойылғанда, ол: «Умардан, 'Алиден, Ибн 'Аббас пен Ибн Мәс'удтан (Аллаһ оларға разы болсын) жеткен бірауызды келісімнің (ижма`) негізінде!», - деп жауап берген. Қз.: “әл-Муғни" 3/289, «әл-Мәжму'» 5/35.


Мерекелі тәкбірлерді дәл қай уақытта айту керек





Мерекелі тәкбірлерді айту уақытының кірісімен оларды кез келген уақытта айтуға болады, өйткені оларды айту, көпшілік ойлайтындай, тек парыз намаздарының аяқталуымен ғана байланысты емес! Имам әл-Бухари өзінің «Сахих» жинағында: «Ибн 'Умар әт-Тәшриқ күндері әр намаздан кейін де, төсегінде жатып та, шатырында болған кезде де, адамдармен бірге болған кездерде де, бір жаққа жаяу барғанда да тәкбір айтатын», - деп баяндаған. Әл-Бухари 1/461.





Сондай-ақ имам әл-Бухари Ибн 'Умар мен Абу Хурайра зул-хижжаның он күні барысында базарға шығып, тәкбір айтатындарын, әрі осы арқылы оларды осы сөздерді айтуға ынталандыратынын баяндаған. Сол сияқты Мухаммад ибн 'Али де тәкбірлерді нәпіл намаздарынан кейін айтатын болған. Әл-Бухари 2/448.





Хафиз Ибн Хәжар мерекелі тәкбірлер туралы сәлафтардан жеткен сөздерге қатысты былай деген: “Бұл хабарлар осы күндерде намаздардан кейін де, басқа уақыттарда да тәкбір айтудың заңдылығына нұсқайды". Қз.: “Фәтхул-Бәри" 2/535.





Сондай-ақ Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес айт намазы оқылатын орынға барарда да тәкбір айту керек. Ибн Умар былай баяндайтын: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі айт намазына Фәдл ибн 'Аббаспен, 'Абдуллаһ ибн 'Аббаспен, 'Алимен, Жә'фармен, Хасанмен, Хусайнмен, Усама ибн Зайдпен, Зайд ибн Харисамен және Айман ибн Умм Айманмен бірге шығатын. Олар намаз орындалатын орынға жеткенше «лә иләһа иллә-Ллаһ» және «Аллаһу әкбар» сөздерін айтқанда дауыстарын көтеретін". Әл-Бәйһақи 3/279. Шейх әл-Әлбани сахихтығын растаған. Қз.: «Сахих әл-жәми'» 4934.





«Ибн 'Умардың (өзі де), Ораза айт және Құрбан айт күндері айт намаздарына бара жатқанда, намаз орындалатын орынға жетпейінше дауыстап тәкбір айтқан, әрі кейін де имам келгенге дейін (тәкбір айтуды) жалғастырған», - деп хабарланады. Әд-Дарақутни, Ибн Абу Шайба. Иснады сенімді. Қз.: “Ируаул-ғалил" 650.





Имам әш-Шаукани былай деген: “Мерекелі тәкбірлер тек парыз намаздарынан кейін айтылумен шектелмейді. Керісінше, оларды кез келген уақытта айтқан абзал!" Қз.: “әд-Дурарул-мудыя" 1/195.





Шейх Сыддық Хасан Хан былай дейтін: “Тәкбірлердің нақты бекітілген бір түрі де, тәкбір айту үшін бекітілген нақты бір уақыт та, немесе олардың нақты бекітілген саны да жоқ. Керісінше, тәкбір айтудың санын намаздардан кейін де, басқа уақыттарда да көбейте беруге рұқсат етілген! Ал біздің кезімізде адамдардың әдетіне айналған әр парыз намазынан кейін үш реттен, ал нәпіл намазынан кейін бір реттен тәкбір айтуға келер болсақ, бұған сахабалардан ешқандай нұсқау жоқ!" Қз.: “әр-Раудату-ннәдия" 1/367.


Әйелдер мерекелі тәкбірлерді айтады ма?





Имам әл-Бухари былай деп баяндайтын: «Мәймуна Құрбан айт күнінде тәкбір айтатын. Сондай-ақ әйелдер де әт-Тәшриқ түндерінде ерлермен бірге мешітте намаз оқып болып, Абан ибн 'Усман мен 'Умар ибн 'Абдул-'Азиздің ізінен тәкбір айтатын». Әл-Бухари 2/463. Алайда әйелдер бұл тәкбірлерді қатты дауыстап айтпаулары керек.


Мерекелі тәкбірлердің түрлері





Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеке өзінен жеткен нақты тәкбір айтудың үлгісіне қатысты бірде-бір сахих хабар жоқ. Алайда тәкбір сөздері сахабалардан сенімді түрде жеткізіледі.





Ибн Мәс'уд былай дейтіні жеткізіледі:





الله أكبر الله أكبر لا إله إلا الله، والله أكبر الله أكبر ولله الحمد





«Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар! Лә иләһа иллә-Ллаһ! Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, уә лиЛләһил хамд!» (мағынасы: «Аллаһ Ұлы, Аллаһ Ұлы! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ! Аллаһ Ұлы, Аллаһ Ұлы, әрі Аллаһқа мақтау-мадақ!»). Ибн Абу Шәйба 2/2. Шейх әл-Әлбани иснадының сахихтығын растаған.





Тағы да Ибн Мас'удтың былай дейтіні жеткізілген:





الله أكبر كبيراً الله أكبر كبيراً الله أكبر وأجلّ ، الله أكبر ولله الحمد





“Аллаһу Әкбар кәбиран, Аллаһу Әкбар кәбиран, Аллаһу Әкбар уә әжәл, Аллаһу Әкбар уә ли-Лләһил-хамд". Әл-Мухамили. Иснады сахих. Қз.: “Ируауль-ғалиль" 3/126.





Ибн 'Аббастың былай дейтіні жеткізіледі:





الله أكبر الله أكبر الله أكبر ولله الحمد الله أكبر وأجلّ الله أكبر على ما هدانا





“Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар уә ли-Лләһил-хамд! Аллаһу Әкбар уә ажәл, Аллаһу Әкбар 'алә мә һадана!" (мағынасы: «Аллаһ Ұлы! Аллаһ Ұлы! Аллаһ Ұлы! Барлық мақтау Аллаһқа тән! Аллаһ аса Ұлы әрі Жоғары! Аллаһ бізді Хақ Жолға салғаны үшін аса Ұлы»). Әл-Бәйһақи 3/315. Иснады сахих.





Сәлман әл-Фариси былай дейтін: “Тәкбірді былай айтыңдар:





الله أكبر، الله أكبر كبيراً





«Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар кәбира»". Абдур-Раззақ. Хафиз Ибн Хәжар иснадын сахих деген. Қз.: “Фәтхул-Бәри" 2/536.





Мерекелі тәкбірлердің дәл сахабалардан сенімді түрде жеткендеріне тоқталу әрі оларға қандай да бір қосымшалар қоспау керек, өйткені, ақиқатында, әрбір адам үшін сахабалардың жеткізген нәрселері жеткілікті. Хафиз Ибн Хәжар: “Осы кездерде мерекелі тәкбірлерге ешқандай негізге ие болмаған қосымшалар енгізілген!", - дейтін. Қз.: “Фәтхул-Бәри" 2/536.





Бұл сөздер осыдан жеті жүз жыл бұрын айтылған болатын, ал біздің кезіміздегі түрлі қосымшалар мен бұрмалаулар туралы не айтуға болады?!





ЗУЛ-ХИЖЖА АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОҒЫЗ КҮНІНДЕ ОРАЗА ҰСТАУ ТУРАЛЫ



Recent Posts

نېمە ئۈچۈن ئىسلام دى ...

نېمە ئۈچۈن ئىسلام دىنى يالغۇز بىر ئاللاھقىلا ئىبادەت قىلىشقا چاقىرىدۇ

رەسۇلۇللاھنىڭ ئاللاھ ...

رەسۇلۇللاھنىڭ ئاللاھ دەرگاھىدىكى ئۆرنى ۋە شان-شەرىپى

مۇھەممەد ئەلەيھىسسال ...

مۇھەممەد ئەلەيھىسسالام ئىنسانىيەتكە رەھمەتتۇر

خاتىرجەملىك بۈيۈك نېم ...

خاتىرجەملىك بۈيۈك نېمەتتۇر