Articles

 





Намазға жығыл!!! Намаз оқы!!! Ұлы Аллаһтың құзырына тұрып, Оған жақындауға тырыс. Ең алғашында Оған жақындау сәл қиындық туғызары сөзсіз, алайда екінші кезде сәл жеңілдеп, үшінші кезде одан да жеңіл болып, төртіншісінде намазға деген сүйіспеншілігің ашылғанын байқайсың. Алайда, шынайы түрдегі ықылас болу керек.





Мүмкін басқа біреу: «Мені қинап жүрген мәселе бұл емес. Мен намаз оқысам болды, бір жаман нәрсе болады. Бірде аяқ киімімді мешіттен ұрлап кетті. Тағы бірде намаздан кейін қатты ұйықтап кетіп едім, қалтамдағы әмиянымды алып кетіпті біреулер»-деп, жаңа сылтау айта бастайтын шығар.





Бұл істе сен үшін тек жақсылық бар емес пе?! Мүмкін Аллаһ Өзін ұмыттырмауды қалап, тағдырға деген сеніміңді күшейтіп, Аллаһтан жәрдем сұрауды үйреткісі келген шығар. Аллаһ тағаланың мына аяттарына назар аударып, не дегенін қарап көрші:





} وَمِنَ النَّاسِ مَن يَعْبُدُ اللَّهَ عَلَى حَرْفٍ فَإِنْ أَصَابَهُ خَيْرٌ اطْمَأَنَّ بِهِ وَإِنْ أَصَابَتْهُ فِتْنَةٌ انقَلَبَ عَلَى وَجْهِهِ خَسِرَ الدُّنْيَا وَالْآخِرَةَ ذَلِكَ هُوَ الْخُسْرَانُ الْمُبِينُ 





«Адамдар арасында Аллаһқа құлшылық жасауда немқұрайлы қарайтындар бар. Егер оған бір жақсылық келсе, көңілі орнығады да, егер бір зияндық келсе, жалтарып, теріс айналады. Ол осы дүниеде, ақыретте де зияндыққа кенеледі. Міне, бұл нағыз зиян»[18]-деген. Сол үшін де қиындық келсе салың суға құрымасын. Аллаһқа мадақ айтып, сабыр сақта әрі қайтпас-қайсар берік бол.





«Намаз оқуыңа не кедергі?»-дегенге басқа біреу: «Әй, бауырым, тыңда мені. Ең маңыздысы жан емес пе? Ал менің жаным, ниетім таза ғой. Мен намазсыз да Аллаһты жақсы көремін»-дейді.





Бұл тек ақымақ адамның айтар сөздері десек қате кетпейміз. Бұған өздеріңіз де келісетін шығарсыздар. Адамның жанын Аллаһтан басқа кім біледі? Сенің жүрегің шынымен де таза шығар, ал оны қалай байқауға болады? Мен үшін жан тазалығының дәлелі тек намаз. Пайғамбарымыз e: «Сенім мен күпірлік арасы-намазды тастау»[19]-деген. Демек, намаз оқымау арқылы сен пайғамбарымыз e «күпірлік» деп атаған нәрсені жасайсың. Ал күпірлігі бар адамның жүрегі, жаны таза болады дегенге өзің келісе аласың ба? Жүрегің таза болса иман белгісі болып табылатын намазды неге оқымайсың?!





Намаздың сен үшін маңызы жоқ деймісің?! Аллаһтың бұйрығы сен үшін маңызсыз ба? Егер де сенің жұмысыңның бастығы саған бір жұмыс тапсырып, сен оған: «Бұйрықтарың мен үшін маңызсыз, құны жоқ бос сөз»-десең, жазаң не болмақ?! Кем дегенде жұмысыңнан айрылатының рас қой?! Аллаһ келтірілген мысалдардан жоғары. Ондай болса Аллаһтың:





{ وَ أَقِيمُواْ الصَّلاة 





«Намазды толық орындаңдар»[20]-деген әмірін түкке тұрғысыз деп айтуға қалай ғана дәтің барады?! Мұндай сөздер үшін адам Исламынан да айрылып қалуы ғажап емес. Сол үшін жаным таза десең, дәлелдеп бақ, намаз оқы!





Не дейсің? «Ертең немесе жұма күні немесе Рамазанда бастаймын»-деймісің?! Жұмаға жетпей, о дүниелік болсаң не істер едің? «Ниетім таза, өмірім жетіп, өлмей тірі қалғанымда намаз оқитынымды Аллаһ біледі» деп ойлаймысың? Жақсы ниет жаман істі жақсы қылып өзгертпейді, ал жаман ниет жақсы ісіңнің өзін бүлдіріп, керексіз ететінін естімеп пе едің? «Бір жылдан кейін намаз оқимын, екі жылдан кейін ораза ұстаймын, үш жылдан соң сақал жіберемін»-дегенді елестетіп қарашы! Жай ниетпен жүріп сауап жинаймын деген ақылға сыймас ақымақтық емес пе? Жоқ, бауырым, ниет деген соңынан амалды талап етеді.





Мүмкін осы арада бірен-біреу: «Болды, жетер! Сен тым қатты кетіп барасың. Аллаһ тағала ерекше Мейірімді, күнәларды Жарылқаушы емес пе? Осы күнәмізді кешірер»-деп айтуы ғажап емес. Иә, Аллаһ тағала ерекше Мейірімді, күнәларды Жарылқап, Кешіруші екені рас. Алайда бойұсынбайтын адамның оның мейірімінен үміттенуі ақылының таяздығын, қасіретке ұшырағандығын білдіреді. Аллаһ бұйырған істі орындамай оның мейірімінен үміт етсең нағыз ақымақтың өзі боласың. Сол үшін де ең алдымен боұсынып, содан кейін ғана Оның мейірімділігін айтып, Оның мейірімі мен рақымынан үміттен.





Намазды сәл де болса қалдырма, сонда денеңнің әрбір жасушасы құлшылықта болады. Намаз деген-жан мен тәннің атқаратын арнайы сөздері мен әрекеттерінен тұрады. Ақыл мен тәннің ден қоя ұйып тұруы, тілмен айтылатын ғибадат-куәлік сөзін айту, Аллаһтан жәрдем мен қорған сұрау, Оның есімдерін ауызға алу, Құран оқу, Оны мадақтау, Оған жалбарыну, Одан мейірім мен рақым сұрау. Дене мүшелерің рукуғ бен сәжде жасайды. Ақылың Аллаһ сөздерінің мәнін түсінумен ынтық болып, терең ойға бөгеді. Тәнің, тілің, жаның яки барлық тұла бойың Аллаһқа жалбарынып, рахатқа кенеледі. Сондықтан да намаз оқымайтын адам бақытсыз әрі қанша жерден бай, әдемі, атақты, күшті болса да бұл өмірдегі бақыттың не екенін білмейді. Аллаһпен болған байланысты орната алмаған адам әсте бақытты бола алмас.





Пайғамбарымыз e: «Көздерімнің рақаты намазда»-деген[21]. Намаздың неткен ғажап екенін байқап қарашы! Басқа бір хадисте Аллаһ елшісі e Ұлы Раббысының сөзін жеткізіп: «Мен құлым екеуіміздің арамызға намазды бөліп қойдым»-деген[22]. Аллаһ тағаланың бұл айтқан сөзін түсініп тұрмысың?! Сенің намазың өзің мен Раббың араларыңда бөлініп қойылған. Жай ғана елестетіп, өміріңде бір атақты, мансапты, бай-қуатты адаммен кездесу маңдайыңа жазылып қалды деп ойла. Сен сол кездесуге барар ма едің?! Сөз жоқ, жоқ демесің анық қой. Тіпті барып келгеннен кейін сол кездесу есіңнен кетпестей болып қалары да анық емес пе?! Ал Аллаһпен, Әлемдер Раббысымен, Құдіреттімен сұхбаттасуға қалай қарайсың?!





Себебі сен намазыңда Фатиха сүресін оқып:





{الْحَمْدُ للّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ 





«Әлемдер Раббысы Аллаһқа барлық мадақтар болсын»-дегеніңде, Аллаһ тағала: «Құлым маған мадақ айтты»-дейді. Сен:





{ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ





«Аса Қамқор, ерекше Мейірімді»-дегеніңде, Аллаһ: «Құлым мені мақтады»-деп айтады. Сен:





{ يَوْمِ الدِّينِ مَالِكِ 





«Қиямет күнінің патшасы»-дегеніңде: «Құлым мені ұлықтады»-дейді[23]. Осыдан артық зат бар ма?! Осыдан артық мақсат пен мұратты айта аласың ба?! Сен болсаң бұны қаламайсың ба?! Керек еткің келмей ме?! Бауырым-ау, бойыңдағы әрбір жасушаңның өзі де Аллаһтың қалауымен болған жоқ па?! Бақытың да, өмірің де, өлімің де тек оның қолында емес пе?! Солай бола тұра одан бет бұрып қайда қашасың? Одан алыстауыңа не себеп? Алдына келіп, иіліп, оған құлшылық жасаудан неге тартынасың? Өмірің де, өзің де оның қолында емес пе? Сені жоқ қылуды қаласа, оған ол еш қиындық туғызбайды. Ал сосын қайта тірілтіп: «Құлым менің! Сені өзіме шақырғанымда маған неге тіл қатпадың? Намаз орындауды бұйырғанымда оны тастауыңа не себеп болды?»-деп сұраса жауабың не болмақ? Не дей аларсың?





Намаз оқуыңа не кедергі? Пайғамбарымыз e өлер шағында: «Намаз, намаз, намаз! Намазда Аллаһтан қорқыңдар»-деп айтып кеткен[24]. Бұл сөйлемде намазды оқудың артықшылығы мен оны тастаушыға деген қорқытудың қаттылығы байқалады. Бұл бізге, мұсылман жұртшылығына пайғамбарымыздың e қалдырып кеткен өсиеті.





Сақ болғайсың! Қасірет пен қиыншылыққа толы Қиямет күні күнәларыңды, әсіресе намаз оқымауыңнан жиылған күнәларыңды арқалап, азапқа душар болып қаласың ба деп қорқамын. Амал дәптерлер таратылған кезде халің не болмақ? Жағдайыңнан кім хабардар? Ал сол қиын күні сұралатын сұрақтың ең алғашқысы да осы намаз болады[25].





Имам Ахмад: «Адам жүрегіндегі Ислам сапасы оның намазға деген қарым-қатынасынан байқалады. Ал оны тастаушыға Исламнан алар орын жоқ»-деген. Сол үшін де адам жүрегіндегі Исламды өлшеп, таразылайтын құрал-намаз. Исламдағы орныңды айқындап алғың келсе, өзіңнің намазға деген қарым-қатынасыңа қарап біл. Аллаһ елшісі e: «Кімде-кім Аллаһ оған не әзірлеп қойғанын білгісі келсе, онда өзі Оған не әзірлеп қойғанына қарасын»-деген[26].





Аллаһ тағала Қасиетті Құранда:





{ وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ 





«Аллаһпен жүздесуді қалап таңертең, кешке Раббыларына жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет»[27]-деген. «Таңертең, кешке Раббыларына жалбарынғандармен бірге»-дегенді кейбіреулер: «Бес уақыт намаз оқушылар»-деп түсіндірген[28].





Намаз жайлы сөз қозғауды бастағаннан кейін ол жайында толық мағлұмат беріп кеткеніміз жөн. Ондай болса тағы бір айта кетері, парыз етілген намаздан өзге де намаздар бар. Пайғамбарымыз e мұндай намаздарды орындауға шақырып, мүминдерге көп қайталап айтып кеткен[29]. Өзі де парыз етілген күнделікті он жеті рәкәғат намазбен қатар он екі рәкәғат қосымша намаз оқитын болған[30].





Намаз-өміріңнің ағымын өзгертіп, өмір салтыңды дұрыстайды. Дәрістеріміздің бірінде біз: «Егер адам толығымен Ислами тұрғыда өмір кешкісі келсе, онда ол айналаға, өзін қоршаған ортаға Ислам призмасы арқылы қарау керек»-деп айтып кеткен болатынбыз. Өзін қоршаған ортаға Ислам призмасы арқылы қарау-адамды толығымен Ислам қабылдауға, толығымен Исламға берілуге әкеледі әрі осы арқылы ол толыққанды мұсылман болады. Өзінің жүріс-тұрысын, отырысын, жатысын, адамдармен қарым-қатынасын, бәрін де Ислам тұрғысынан қарайды. Ал оны осындай көзқарасқа жетелейтін құрал-намаз. Бұл адам өмірін танымастай етіп өзгертуге шамасы келетін нәрсе.





Бұл сөзімізге дәлел іздесек, оны Шұғайб пайғамбармен болған оқиғадан аңғару қиын емес. Шұғайб u пайғамбарды еске алып қарайықшы:





وَإِلَى مَدْيَنَ أَخَاهُمْ شُعَيْبا ًقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوااللّه مَا لَكُم مِّنْ إِلَـه غَيْرُهُ قَدْ جَاءتْكُم بَيِّنَةٌ مِّن رَّبِّكُمْ فَأَوْفُواْ 





الْكَيْلَ وَالْمِيزَانَ و لا تَبْخَسُواْ النَّاسَ أَشْيَاءهُمْ وَلاَ تُفْسِدُواْ فِي الأَرْضِ بَعْدَ إِصْلاَحِهَا ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَّكُمْ إنكُنتُم مُّؤْمِنِينَ





«Мәдиян еліне туыстары Шұғайбты жібердік. Ол: «Әй, Елім! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің одан өзге құлшылыққа лайықты тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық дәлел келді. Енді өлшеу мен таразылауды толық орындаңдар. Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер. Түзелтілгеннен кейін жер бетінде бүлік жасамаңдар. Егер сенсеңдер, сендерге осы істерің жақсы болады»-деді»[31]. Тағы бір аятта:





وَإِلَى مَدْيَنَ أَخَاهُمْ شُعَيْبا ًقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللّه مَا لَكُم مِّنْ إِلَـهٍ غَيْرُهُ وَلاَ تَنقُصُوا ْ الْمِكْيَالَ وَالْمِيزَان





وَيَا قَوْمِ أَوْفُواْ الْمِكْيَالَ وَالْمِيزَانَ بِالْقِسْطِ  إِنِّي أَرَاكُم بِخَيْرٍ وَإِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ مُّحِيطٍ





بَقِيَّةُ اللّهِ خَيْرٌ لَّكُمْ  وَلاَ تَبْخَسُواْ النَّاس أَشْيَاءهُمْ وَلاَ تَعْثَوْاْ فِي الأَرْضِ مُفْسِدِينَ





{ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ وَمَا أَنَاْ عَلَيْكُم بِحَفِيظٍ





«Мәдиян еліне туыстары Шұғайбты жібердік. Ол: «Әй, Елім! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің одан өзге құлшылық қыларлық тәңірлерің жоқ. Сондай-ақ, өлшеу мен таразылауды толық орындаңдар. Расында мен сендерді молшылық ішінде көремін. Мен сендер үшін азабы бәрін қамтитын ауыр күннен қорқамын»-деді. «Әй, қаумым! Өлшеу мен таразылауды толық орындаңдар. Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер. Сондай-ақ жер жүзінде бұзық болып жүрмеңдер»-деді. «Егер сенсеңдер, сендерге Аллаһтың қалдырған хәләл нәрсесі қайырлы. Алайда мен сендерді сақтай алмаймын»-деді»[32]-делінген.





Шұғайб u не дегенін байқап қарасақ, ол: «Бәлен істерің жақсы болады, Расында мен сендерді молшылық ішінде көремін»-деді емес пе?! Яғни, бұзықтық салдарынан олар бұл берілген нығметтен айрылып қала ма деп қорыққан.





Тура сол сияқты мен де саған берілген нығметтерден айрылып қаласың-ау деп сен үшін қорқамын. Сол орайда Шұғайб u айтқан сөзді саған айтып: «Исламнан болғанның бәрі де сен үшін жақсы болады. Аллаһ тағала саған нығметтер беріп, ризығына бөлегенін байқадым, ондай болса Оған рахмет айтып, шүкіршілік жасаушы құл болсаң жаман болмас. Басыңды иіп, сәл де болса құлдығыңды мойындасаң нең кетер?!»-дегім келеді.





Шұғайбтың u қаумы оған не дегенін білгің келе ме? Онда мына аятқа көз таста:





{ مَا نَشَاء فِي أَمْوَالِنا أَوْ أَن نَّفْعَلَ قَالُواْ يَا شُعَيْبُ أَصَلاَتُكَ تَأْمُرُكَ أَن نَّتْرُكَ مَا يَعْبُدُ آبَاؤُنَ 





«Олар: «Әй, Шұғайб! Аталарымыз табынғанды тастауымызды немесе малды қалаған жолымызбен табудан тыйылуды сенің намазың бұйырды ма?»-деді»[33]. Жауабын байқадың ба? Олар Шұғайбты u намаз себебінен өзгеріп кеткенін байқаған, себебі намаз адамды толығымен өзгертіп жібере алады.





Аллаһтың құлы, намазға жығыл! Не дерсің осыған? Намаз оқуға бел будың ба? Бәрекелді! Әлемдер Раббысы Аллаһқа мадақ! Бұл ісің жарады. Ендігі кезде: «Әй, бауырым! Сені өзгертіп, мазақ қылып, үстіңнен күліп кетіпті ғой мыналар. Мазақ еткені сонша, намаз оқитын халге әкеп тірепті ғой өзіңді»-дейтін адамдар шығары айдан анық. Еш қам жеме, сабыр сақта. Сенен алдыңғы пайғамбарларға да осылай айтқан адамдар. Адам сөзіне құлақ аспай, намазыңды жалғастыра бер.





Тағы біреу келіп: «Әй, қойшы осы сендерді. Бір рет мешітке барып намаз оқып едім, рукуғтен бас көтермей, белім ауырып кетті»-деп қынжылуы мүмкін. Раббыңның алдында он бес минут бел бүгіп тұруыңа шамаң келмеді ме? Доп қуалаған сарбаздарды бақылап, бір жарым сағат стадионда отырғанда шыдамың табылып, Аллаһ алдындағы он бес минутке мазаң кетті ме?





Иә, намаз өмір салтын өзгертіп, әдеп пен тәрбиені үйретеді. Дүниелік істерде тиянақты болуға жетелейді. Намаз арқылы сабырлық, байсалдылық, орнықтылық тәрбиеленеді. Немқұрайлылықтан алыстатып, жан тыныштығына жетелейтін де осы намаз. Уайым-қайғының емі де осы намаз арқылы табылады. Аллаһ тағала Құранда:





{ إِلَّا الْمُصَلِّينَ وَإِذَا مَسَّهُ الْخَيْرُ مَنُوعاً  إِذَا مَسَّهُ الشَّرّ جَزُوعاً  إِنَّ الْإِنسَانَ خُلِقَ هَلُوعاً 





«Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған. Басына бір ауыртпашылық түссе тым шыдамсыз. Ал қолына жақсылық келсе аямшақ бола қалады. Тек намаз оқушылар (мұндай) емес»[34]-деген. Сол үшін де намаз оқиық кел бірге. Аллаһпен ант етейін, жүрегіңде қуаныш ұялап, ләззат пен тыныштық орнағанын байқайсың.





Намаз күнәларыңды өшіретін нәрсе. Бұл жайында Аллаһ тағала:





{إِنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّـيِّئَاتِ وَأَقِمِ الصَّلاَةَ طَرَفَيِ النَّهَارِ وَزُلَفاً مِّنَ اللَّيْلِ 





«Күннің басы мен соңында және түннің бір бөлігінде намаз оқы. Шынында жақсылықтар жамандықтарды кетіреді»[35]-деген. Аллаһ елшісі e: «Бес намаз сол аралықтарда жасалған үлкен күнәларды қоспағанда, кішігірім күнәларды өшіреді...»-деген[36].





Намаз күнәларыңды кешіріп қана қоймай, оларды жасаудан да сақтайды. Бұл жайында Қасиетті Құранда:





{إِنَّ الصَّلَاةَ تَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاء وَالْمُنكَرِ





«Шын мәнінде намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды»[37]-делінген.





Сөзімнің соңында намазды тастау-күпірлік болып табылатынын тағы бір ескертіп кетуді жөн санадым. Пайғамбарымыздың e : «Сенім мен күпірлік арасы-намазды тастау»[38]-деген хадисі есіңде шығар.





Сонымен қатар Омар t: «Намазды тастаған адамға Исламнан алар үлес жоқ»-деген.





Абдулла ибн Масғуд t: «Намазды тастағанның діні жоқ»-деген.





Әбу Дәрдә t: «Намаз оқымайтынның иманы жоқ. Ал дәрет алмағанның намазы жоқ»-деген. Бұл сахабалардың сөзі. Олардан артық дін жайында кім білген?





Имам Ахмад, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Ер адамға намаз оқымайтын әйелмен бірге тұруға болмайды ма деп қорқамын»-деген. Осындай айтылған сөздерден кейін намазды тастап, бұл күнәңді жалғастырудан қорықпаймысың? Бұл жасап жүрген күнәң өзіңе ұнай ма? Сол үшін де намазға кіріс, бауырым! Біз сенің Жәннатқа кіруіңді қалаймыз.





Ибн Хазм, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Көпқұдайшылықтан кейін намазды тастаудан үлкен күнә жоқ»-деген.





Ибнул Қаийм, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Намазды әдейілеп тастау үлкен күнә екендігіне мұсылмандар бірауыздан келіскен. Бұл күнә Аллаһ алдында жазықсызды өлтіруден де, тонаудан да, әйелмен ойнастық жасаудан да, арақ ішуден де ауыр болып саналады. Бұлай жасаушы адамға жаза мен Аллаһтың ашуы уәде етілген. Осы өмірде де, о дүниеде де мазаққа душар болар жанның бірі болмақ»-деген.





Имам Зәһәби, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Намазды өз уақытында оқымайтын адам үлкен күнә жасаған болып табылады. Ал оны тастаушы ұрлықшы мен зинашыдан да жаман»-деп жазған.





Алайда, көптеген адамдар уайымсыз өмір кешіп, мәз-мейрам болып, бұл ауыр күнәға мән бермейді. Аллаһтың азабының қандай болатынын еш ойламайды. Обал-ақ! Осылай жалғасқан күнде, Аллаһ тағала оларды бұдан сорақы жазамен жазалап, жүректері Аллаһты еске алудан да мақұрым қалуы мүмкін. Ал одан кейін олар өздерін де ұмытары айдан анық. Аллаһ тағала Құранда:





{وَلَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ نَسُوااللَّهَ فَأَنسَاهُمْ أَنفُسَهُمْ 





«Аллаһты ұмытып, кейін Аллаһ оларды өздерін де ұмыттырғандарға ұқсамаңдар»[39]-деген. Аллаһты ұмытып, о дүниені ойлаудан да мақұрым қалады. Бұдан сорақы зат бар ма? Аллаһты еске алмас жүректен не пайда? Пайдасы жоқ, өлі жүрек деген сол ғой, сірә!





Ойланып қарашы, намазды зорлықпен орындату керек болған нәрсе ме?!





Намаз денсаулыққа немесе ахуалдық жағдайға зиянын тигізе ме?!





Намаздың ешқандай да пайдасы жоқ па?!





Намаз оқыған адам неден ұтылады, не жоғалтады?!





Біреу жақсылық жасай қалса, асты-үстіне түсіп, ризалығын білдіріп, алғыс айтатын болса, осындай нығметтер үшін Раббысына алғыс айтудан неге бас тартады?! Неге шүкірлік етіп намаз оқымасқа?! Сондықтан-да, намазды әдейілеп тастаушылардан болмайық.





Намаз оқып, Раббымыздың азабынан қорқайық! Азабынан құтылудың қамын жасайық!





Намаз оқып, ризалық білдіруші құлдардан болайық!





Аллаһ дәрежемізді көтерер, намаз оқиық!





Намаз оқып, екі дүниеде де амандыққа жетейік!





Аллаһым, бізді намаз оқушы құлдарыңның қатарына қоса гөр!!!





 



Recent Posts

نېمە ئۈچۈن ئىسلام دى ...

نېمە ئۈچۈن ئىسلام دىنى يالغۇز بىر ئاللاھقىلا ئىبادەت قىلىشقا چاقىرىدۇ

رەسۇلۇللاھنىڭ ئاللاھ ...

رەسۇلۇللاھنىڭ ئاللاھ دەرگاھىدىكى ئۆرنى ۋە شان-شەرىپى

مۇھەممەد ئەلەيھىسسال ...

مۇھەممەد ئەلەيھىسسالام ئىنسانىيەتكە رەھمەتتۇر

خاتىرجەملىك بۈيۈك نېم ...

خاتىرجەملىك بۈيۈك نېمەتتۇر