Articles




Қасиетті Құранда бұл жайлы аяттар өте көп. Ол аяттардың барлығы аса пәк Аллаһ барлық кемелдік сипат- тарына ие екендігіне және барлық кемшілік пен айыптардан пәк екндігіне дәлел етеді. Бұның барлығы тек Аллаһқа ғана құлшылық етіп, құлшылықта ықыласты болуды және барлық істерде басқасын қойып тек оған ғана тәуекел етіп, жүректі тек Аллаһқа ғана бұруды уәжіп етететін істерге жатады. Өйткені Аллаһ Тағал барлық заттың жаратушысы, ризықтандырушысы әрі патшасы және барлық істің басқарушысы. Сондықтан оған ғана құлшылық етіп, онымен бірге ешкімге табынуға болмайды.





Ақиқатында Аллаһ Құранда өзінің пайғамбарлары Нұх, Һуд, Солих Шұғайбтардың (әлейһис-сәләм) өз қауым-дарына:





اعْبُدُواْ اللّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَهٍ غَيْرُهُ





«Аллаһқа құлшылық қылыңдар, сендер үшін одан басқа (құлшылыққа лайықты) тәңір жоқ!»-дегендерін айтты.





Сондай ақ жоғарыда айтылғандай, барлық пайғамбарлар да өз қауымдарына осыны айтқан еді. Бұл жайында Аллаһ Тағала былай деді:





وَإِبْرَاهِيمَ إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاتَّقُوهُ ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ، إِنَّمَا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَوْثَانًا وَتَخْلُقُونَ إِفْكًا إِنَّ الَّذِينَ تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ لَا يَمْلِكُونَ لَكُمْ رِزْقًا فَابْتَغُوا عِنْدَ اللَّهِ الرِّزْقَ وَاعْبُدُوهُ وَاشْكُرُوا لَهُ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ





«Иброһимді (әлейһис-сәләм) есіңе ал! Ол өз қаумына былай деген еді: «Аллаһқа құлшылық етіңдер және одан қорқыңдар! Егер білсеңдер, сол сендер үшін жақсы болады. Сендер Аллаһты қойып, пұттарға құлшылық етудесіңдер және оларды «құдайлар» деп жалған ойлаудасыңдар. Расында сендердің Аллаһтан өзге құлшылық етіп жатқан нәрселерің сендерге ризық бере алмайды. Сондықтан ризықты Аллаһтан тілеңдер және оған ғибадат етіңдер әрі шүкірлік қылыңдар! Өйткені (өлгеннен кейін) оған қайтарыласыңдар»».[20]





Соффат сүресінде Аллаһ Тағала айтты:





وَإِنَّ مِنْ شِيعَتِهِ لَإِبْرَاهِيمَ، إِذْ جَاءَ رَبَّهُ بِقَلْبٍ سَلِيمٍ، إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَاذَا تَعْبُدُونَ، أَئِفْكًا آَلِهَةً دُونَ اللَّهِ تُرِيدُونَ، فَمَا ظَنُّكُمْ بِرَبِّ الْعَالَمِينَ





«Расында Иброһим (әлейһис-сәләм) да Нұхтың (әлейһис-сәләм) тобынан. Есіңе ал, ол Раббысына таза жүрекпен келді. Сол кезде ол әкесі мен қаумына былай деген еді: «Не нәрсеге құлшылық етесіңдер? Аллаһты қойып, өтірік құдайларға сыйынуды қалайсыңдар ма?! Онда бүкіл әлемдердің Раббысы сендерге мүшрік болғандарың себепті беретін жазасы туралы не деп ойлайсыңдар?»».[21]





Тағы да мәриям сүресінде Аллаһ Тағала өзінің сүйікті пайғамбары Иброһим (әлейһис-сәләм) жайлы былай деді:





وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِبْرَاهِيمَ إِنَّهُ كَانَ صِدِّيقًا نَبِيًّا، إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ يَا أَبَتِ لِمَ تَعْبُدُ مَا لَا يَسْمَعُ وَلَا يُبْصِرُ وَلَا يُغْنِي عَنْكَ شَيْئًا، يَا أَبَتِ إِنِّي قَدْ جَاءَنِي مِنَ الْعِلْمِ مَا لَمْ يَأْتِكَ فَاتَّبِعْنِي أَهْدِكَ صِرَاطًا سَوِيًّا، يَا أَبَتِ لَا تَعْبُدِ الشَّيْطَانَ إِنَّ الشَّيْطَانَ كَانَ لِلرَّحْمَنِ عَصِيًّا، يَا أَبَتِ إِنِّي أَخَافُ أَنْ يَمَسَّكَ عَذَابٌ مِنَ الرَّحْمَنِ فَتَكُونَ لِلشَّيْطَانِ وَلِيًّا، قَالَ أَرَاغِبٌ أَنْتَ عَنْ آَلِهَتِي يَا إِبْرَاهِيمُ لَئِنْ لَمْ تَنْتَهِ لَأَرْجُمَنَّكَ وَاهْجُرْنِي مَلِيًّا، قَالَ سَلَامٌ عَلَيْكَ سَأَسْتَغْفِرُ لَكَ رَبِّي إِنَّهُ كَانَ بِي حَفِيًّا، وَأَعْتَزِلُكُمْ وَمَا تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَأَدْعُو رَبِّي عَسَى أَلَّا أَكُونَ بِدُعَاءِ رَبِّي شَقِيًّا، فَلَمَّا اعْتَزَلَهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَهَبْنَا لَهُ إِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَكُلًّا جَعَلْنَا نَبِيًّا، وَوَهَبْنَا لَهُمْ مِنْ رَحْمَتِنَا وَجَعَلْنَا لَهُمْ لِسَانَ صِدْقٍ عَلِيًّا





(Ей, Мұхаммед саллаллаһу әлейһи уә сәлләм), осы кітапта Иброһимнің (қиссасын) зікір ет! Расында ол өте шыншыл пайғамбар еді. Сол уақытта ол әкесіне: «Әй әкетайым! Естімейтін, көрмейтін және сені Аллаһтың азабынан сақтай алмайтын, бір пайдасы жоқ нәрсеге неге құлшылық етесің? Әй әкетайым, расында маған саған келмеген білім келді. Сондықтан маған ілес, саған тура жолды көрсетейін. Әй әкетайым, шайтанға табынба, өйткені шайтан Аллаһқа қарсы шығып кәпір болған. Әй әкетайым! Расында мен саған Аллаһ тарапынан азап жетіп (тозақта) шайтанға дос болып қалуыңнан қорқамын» - дегенінде, әкесі оған: «Әй, Иброһим. Сен менің құдайларымнан бет бұрамысың? Ант етемін, егер менің құдайларымды сөгуіңді тоқтатпасаң, әлбетте сені таспен ұрамын, әрі өзің де менен ұзақ жүр» - деді. Иброһим (әлейһис-сәләм): «Саған амандық болсын. Енді мен Раббымнан сені жарылқауын тілеймін. Өйткені ол маған өте мейірімді. Мен сендерден де, сендердің Аллаһтан өзге табынған пұттарыңнан да арылып Раббыма жалбарынамын. Раббыма жалбарынғанымның шарапатынан (сендер сияқты) бақытсыз болып қалмаймын деп үміт етемін»-деді.





Иброһим (әлейһис-сәләм) олардан және олардың Аллаһтан өзге табынған пұттарынан ажыраған кезде, оған Исхақ пен Яғқұпты беріп, әрқайсысын пайғамбар қылдық. Сондай-ақ оларды өз кеңшілігімізге бөледік және олар үшін шын, жоғары мақтауларды бердік».[22]





Аллаһ Тағала Ағраф сүресінде Һуд пайғамбары Һуд пайғамбарға(әлейһис-сәләм):





أَجِئْتَنَا لِنَعْبُدَ اللَّهَ وَحْدَهُ وَنَذَرَ مَا كَانَ يَعْبُدُ آَبَاؤُنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ





«Сен бізге жалғыз Аллаһқа құлшылық етуіміз және ата-бабаларымыз сиынып келген пұттарды тастауымыз үшін келдің бе? Онда, егер шыншылдардан болсаң, бізге уәде етіп жатқан нәрсеңді (яғни Аллаһтың азабын) келтірші?»[23] – дегендерін айтты.





Сондай-ақ Аллаһ Тағала оларға пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) жіберілген арап мүшріктері туралы былай деді:





وَيَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَضُرُّهُمْ وَلَا يَنْفَعُهُمْ وَيَقُولُونَ هَؤُلَاءِ شُفَعَاؤُنَا عِنْدَ اللَّهِ





«Олар Аллаһты қойып, өздеріне зиян да, пайда да жеткізе алмайтын нәрселерге құлшылық етеді және : «Міне, осы (біздер сиынып жатқан) нәрселер Аллаһтың алдында біздердің қолдаушыларымыз»[24] - дейді. Сонда Аллаһ Тағала оларға былай деп қайтарды:





قُلْ أَتُنَبِّئُونَ اللَّهَ بِمَا لَا يَعْلَمُ فِي السَّمَاوَاتِ وَلَا فِي الْأَرْضِ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَى عَمَّا يُشْرِكُونَ





(Мұхаммед, саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) оларға айт:"Аллаһқа көктер мен жердегі ол білмейтін нәрселерді (серіктерді) білдіріп қоймақсыңдар ма?[25] Аллаһ олардың (мүшріктердің) серік қосуларынан пәк және өте жоғары."[26]





Тағы Аллаһ Тағала Зүмәр сүресінде айтты:





تَنْزِيلُ الْكِتَابِ مِنَ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ (1) إِنَّا أَنْزَلْنَا إِلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ فَاعْبُدِ اللَّهَ مُخْلِصًا لَهُ الدِّينَ (2) أَلَا لِلَّهِ الدِّينُ الْخَالِصُ وَالَّذِينَ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِهِ أَوْلِيَاءَ مَا نَعْبُدُهُمْ إِلَّا لِيُقَرِّبُونَا إِلَى اللَّهِ زُلْفَى إِنَّ اللَّهَ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ فِي مَا هُمْ فِيهِ يَخْتَلِفُونَ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي مَنْ هُوَ كَاذِبٌ كَفَّارٌ





"Бұл кітаптың түсірілуі тым үстем, аса дана Аллаһтан. (Мұхаммед саллаллаһу әлейһи уә сәлләм), расында саған бұл кітапты бір шындықпен түсірдік. Ендеше Аллаһтың ықыласпен құлшылық ет. Естеріңде болсын! Ықыласты дін тек Аллаһқа тән. Сондай Аллаһтан өзгеге құлшылық еткендер, және оларды дос тұтқандар:"Біз бұларға бізді Аллаһқа жақындастырсын деп қана құлшылық етеміз"-дейді. Күдіксіз олардың араларындағы[27] тартысқан нәрселеріне Аллаһ Тағала үкім береді. Расында Аллаһ, өтірікші, кәпір болғандарды тура жолға салмайды."[28]





Міне осы аяттарда Аллаһ Тағала оларға пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) жіберілген мүшріктердің сол пұттар, пайғамбарлар және ізгі адамдардың аруақтарына олардың зиян не пайда беретіндігі немесе олар жаратып ризық беретіндіктері үшін құлшылық етпегендігін, керісінше олардан Аллаһтың алдында шапағат тілеп, Аллаһқа жақындастырсын деп құлшылық еткендерін айқындап айтты. Содан соң оларға бұл амалдары үшін олар мүшрік кәпірлер деп үкім етті.





Осы мағына жайлы Аллаһ Тағала басқа аятта былай деді:





يُولِجُ اللَّيْلَ فِي النَّهَارِ وَيُولِجُ النَّهَارَ فِي اللَّيْلِ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ كُلٌّ يَجْرِي لِأَجَلٍ مُسَمًّى ذَلِكُمُ اللَّهُ رَبُّكُمْ لَهُ الْمُلْكُ وَالَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ مَا يَمْلِكُونَ مِنْ قِطْمِيرٍ (13) إِنْ تَدْعُوهُمْ لَا يَسْمَعُوا دُعَاءَكُمْ وَلَوْ سَمِعُوا مَا اسْتَجَابُوا لَكُمْ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ يَكْفُرُونَ بِشِرْكِكُمْ وَلَا يُنَبِّئُكَ مِثْلُ خَبِيرٍ (14





"Аллаһ түнді күндізге кіргізеді және күндізді түнге кіргізеді. Ол күн мен ай-ды да (сендердің пайдаларың үшін) бой ұсындырып қойған, әрбірі белгілі мерзімге дейін жүреді. Міне, сол Аллаһ — сендердің Раббыларың, билік тек оған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес. Егер оларға жалбарыңсандар, олар сендердің дауыс- тарыңды естімейді. Егер естісе де, сендерге жауап бере алмайды және қиямет күнінде сендердің оларды (Аллаһқа) серік етіп қосқан-дарыңнан аулақ болады. (Әй,Мұхаммед саллаллаһу әлейһи уә сәлләм, Дүние, ақырет туралы) саған барлық нәрседен хабардар Аллаһ сияқты (ешкім) хабар бере алмайды." [29]





Бұл аятта Аллаһ Тағала иелік тек оған тән және ол барлық жаратылысты басқарушы екендігін айтты. Сондай-ақ мүшріктердің Аллаһтан өзге табынғандары; ол адам, жын немесе тас, әлде терек болса да ешқайсысы бір ұрық қабығына да иелік ете алмайды. Сонымен қатар олар өздеріне дұға етіп жалбарынғанды естімейді, егер естісе де оған жауап қата алмайды. Өйткені олар өлі мен жоқтың немесе жансыздықтың арасында, олар еш нәрсе істей алмайды.





Аллаһ Тағала жоғарыдағы аятта мүшріктердің табынғандары қиямет күні олардың серік қосқандарынан аулақ болып оны қайтаратындықтарын айтты. Бұл нәрсе мүшріктердің оларға дұға етулері, оларға тәуелді болулары Аллаһқа серік келтіруге жататындығына дәлел болады. Бұл жайында Аллаһ Құранда былай деген:





وَيَوْمَ نَحْشُرُهُمْ جَمِيعًا ثُمَّ نَقُولُ لِلَّذِينَ أَشْرَكُوا مَكَانَكُمْ أَنْتُمْ وَشُرَكَاؤُكُمْ فَزَيَّلْنَا بَيْنَهُمْ وَقَالَ شُرَكَاؤُهُمْ مَا كُنْتُمْ إِيَّانَا تَعْبُدُونَ (28) فَكَفَى بِاللَّهِ شَهِيدًا بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمْ إِنْ كُنَّا عَنْ عِبَادَتِكُمْ لَغَافِلِينَ





"Ол күнде біз олардың барлықтарын жинаймыз, сонан соң мүшрік болғандарға:"Сендер де, Аллаһқа серік қосқан пұттарың да орындарыңнан жылжымаңдар"-деп, олардың араларын ажыратамыз. Сонда олардың серік қосқандары[30] олардан аулақ болып:"Сендер бізге құлшылық етпедіңдер,(өйткені біз Аллаһты оған біреудің теңдес немесе серік болуынан пәктейміз). Ендеше, Аллаһтың өзі біз бенен сендердің арамызға куәлікке жетерлі. Расында біз сендердің біз үшін қылған құлшылықтарыңнан хабарсызбыз-" дейді".[31]





Тағы бір аятта Аллаһ Тағала:





وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنْ يَدْعُو مِنْ دُونِ اللَّهِ مَنْ لَا يَسْتَجِيبُ لَهُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ وَهُمْ عَنْ دُعَائِهِمْ غَافِلُونَ (5) وَإِذَا حُشِرَ النَّاسُ كَانُوا لَهُمْ أَعْدَاءً وَكَانُوا بِعِبَادَتِهِمْ كَافِرِينَ





"Аллаһты қойып, қиямет күніне дейін (дұғаға) жауап бере алмайтындарға жалбарынатындардан кім адасушырақ? Негізінде олар (жансыз пұттар)олардың дұғаларынанан бей- хабар. Қиямет күнінде адамдар есеп-қисап үшін жиналған кезде, оларға табынғандары дұшпан болады, және олардың өздеріне құлшылық қылғандарына қарсы шығады"[32]-деді.





Міне осы аятта Аллаһ Тағала адамдардың Аллаһтан өзге табынғандарының барлықтары қиямет күнінде өздеріне құлшылық еткендерден аулақ болып, олардың өздеріне қылған құлшылықтарына қарсы шығатынын және олардың өздеріне қылған құлшылықтарынан хабарсыз болғандарын хабарлайтынын баян етті.





Сол мүшріктердің қайғысынан ауыр қайғы бар ма? Қиямет күні оларды қандай жаман қасірет күтіп тұр десеңізші?! Өйткені олар өздеріне не пайда, не зиян бермейтін біреу- лерді Аллаһқа серік етіп кәпір болды және сол себепті азабы қатты болған Раббыларының ашуына ұшырады. Сондықтан олар қияметте қорлыққа душар болып, өкініш сазайын тартады. Аллаһ Тағала айтады:





وَمَنْ يَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آَخَرَ لَا بُرْهَانَ لَهُ بِهِ فَإِنَّمَا حِسَابُهُ عِنْدَ رَبِّهِ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الْكَافِرُونَ





"Кім өзі үшін ешқандай құжат болмаған халде Аллаһпен бірге басқа бірер тәңірге жалбарынса, онда оның есеп-қисабы Раббысының алдында болады. әлбетте кәпір болғандар құтылмайды."[33]





Қасиетті Құран Кәрімде ширктің[34] жалған екендігін және соны іс- теген адамдардың жазасы өте қиын болатынын әрі қиямет күні олар үшін қатты қайғы-қасірет болатынын баяндайтын аяттар өте көп. Сондай-ақ пайғамбарымыздан келген сахих сүннетте осы нәрселерді баяндайтын және сол мүшріктердің (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) таухид рубубияда[35] серік келтірмегендерін, керісінше олар жаратушы, рызықтандырушы, істерді басқарушы Аллаһ екендігін білетіндіктерін баяндайтын хадистер келген. Мүшріктер Аллаһпен қатар басқа біреуге дұға ету, қорқу, үміт ету және құрбан шалу мен нәзір ету сияқты құлшылық-тың түрлерінде Аллаһқа серік келтірген. Сахих Бухарий мен Муслимде Ибн Аббастан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) Мұғазды (оған Аллаһ разы болсын) Иеменге жіберген кезінде оған:





"إنك تأتي قوما من أهل الكتاب فليكن أول ما تدعوهم إليه شهادة أن لا إله إلا الله"





"Расында сен кітап иелеріненболған қауымға барасың, оларды шақыратын нәрселеріңнің ең біріншісі: "Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ"-деп куәлік ету болсын!"-деді. Басқа риуаятта:





"فادعهم إلى أن يشهدوا أن لا إله إلا الله و أني رسول الله"





"Оларды Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және мен Аллаһтың елшісімін деп куәлік етуге шақыр"-делінген. Имам Бухаридің риуаятында:





"فادعهم إلى أن يوحدوا الله"





"Оларды Аллаһты бірлеуге шақыр"[36]-делінген.





Сахих Муслимде Сағд Ибн Ториқ Әл-Әшжағиден, оның әкесінен риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) :





"من قال لا إله إلا الله و كفر بما يعبد من دون الله حرم ماله و دمه و حسابه على الله عز وجل"





"Кім Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ десе және Аллаһтан басқаға құлшылық етіліп жат-қандарға қарсы болса, оның малы мен қаны харам болады және оның есеп-қисабын Аллаһ береді"-деді. Осы хадис Муслимнің риуаятында:





"من وحد الله و كفر بما يعبد من دون الله"





"Кім Аллаһты бірлесе және одан өзге құлшылық етіліп жатқандарға қарсы болса"- деп келген.





Міне осы екі хадис құлшылықта Аллаһты бірлеу және ықыласты болудың әрі одан өзге құлшылық етіліп жатқандарға қарсы болудың уәжіп екендігін ашық айқындайды.





Сахих Бухарий мен Муслимде Абу Хурайрадан(оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) Жәбірейіл періштенің ислам жайлы сұраған сұрағына:





"أن تعبد الله و لا تشرك به شيئا و تقيم الصلاة المفروضة و تؤدي الزكاة المكتوبة"





"Ислам — Аллаһқа құлшылық етуің және оған еш нәрсені ортақ қоспауың, парыз етілген намазды оқуың және парыз етілген зекетті беруің"-деп жауап берді.





Сахих Муслимде Ибн Ұмардан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм):





"بني الأسلام على خمس: على أن يوحد الله و إقام الصلاة و إيتاء الزكاة و صوم الرمضان و حج البيت"





"Ислам бес нәрсеге құрылған: Аллаһты бірлеуге, намаз оқуға, зекет беруге, Рамазанда ораза ұстауға және қажылыққа баруға"-деген.





Муслимнен келген басқа риуаятта:





"على أن يعبد الله و يكفر بما دونه"





"Аллаһқа құлшылық етуге және одан басқаға құлшылық етіліп жатқандарға қарсы болуға"-деген.





Бұл хадистің негізі Сахих Бухарий мен Муслимдегі және Тирмизий мен Насайдегі "Иман" кітабында және Имам Ахмадтың "Муснад" атты кітабында "Марфуғ"[37] дәрежеде былай деп риуаят етілген:





"بني الأسلام على خمس: شهادة أن لا إله إلا الله، وأن محمدا رسول الله و إقام الصلاة و إيتاء الزكاة و صوم الرمضان و حج البيت"





"Ислам бес нәрсеге құрылған: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазанда ораза тұту және қажылыққа бару."





Имам Муслим Жәбірейіл періштенің (әлейһис-сәләм) пайғамбырымыздан (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) ислам, иман және ихсан жайлы сұраған хадисін Ұмардан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят еткен. Ол хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) Жәбірейілдің (әлейһис-сәләм) ислам жайлы сұраған сұрағына былай деп жауап берді:





"الإسلام أن تشهد أن لا إله إلا الله، وأن محمدا رسول الله وتقيم الصلاة و تؤتي الزكاة و تصوم الرمضان و تحج البيت إن استطعت إليه سبيلا"





"Ислам: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп куәлік беруің, намаз оқуың, зекет беруің, Рамазанда ораза тұтуың және жолға шамаң келсе қажылыққа баруың".[38]





Бұл хадистер және олардың мағыналары шындығында Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ деп куәлік берудің мағынасы — ол Аллаһты бірлеу және құлшылықты ықыласты түрде тек Аллаһқа арнау әрі одан өзге құлшылық етіліп жатқандардың барлығына қарсы болу екендігін білдіреді.





Міне осы — Аллаһ Тағала өзінің пайғамбарларын сол себепті жіберген және сол үшін кітаптар түсірген, соған байланысты жихат туы көтерілген және адамдар сол себепті кәпір мен мүмінге, бақытты мен бақытсызға бөлінген таухидтің шынайы мағынасы. Сондықтан әрбір кәмілетке толған адам үшін тозақтан құтылу себептеріне көбірек көңіл бөлу, таухидті ұстану және құлшылықты ықыласпен Аллаһқа арнау, сондай-ақ одан өзге құлшылық етіліп жатқанның барлығына қарсы болу әрі одан бас тарту уәжіп болады. Сонымен қатар Аллаһқа ортақ қоспайтындарды дос тұтып ортақ қосушыларды жау тұту уәжіп болады. Өйткені Аллаһ бізге Иброхим пайғамбарды (әлейһис-сәләм) мысалға келтіріп былай деді:





قَدْ كَانَتْ لَكُمْ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ فِي إِبْرَاهِيمَ وَالَّذِينَ مَعَهُ إِذْ قَالُوا لِقَوْمِهِمْ إِنَّا بُرَآَءُ مِنْكُمْ وَمِمَّا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ كَفَرْنَا بِكُمْ وَبَدَا بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةُ وَالْبَغْضَاءُ أَبَدًا حَتَّى تُؤْمِنُوا بِاللَّهِ وَحْدَهُ





"Ақиқатында сендерге Иброхим мен онымен бірге болғандарда бір көркем өнеге бар. Сол уақытта олар елдеріне:"Расында біз сендерден де, сендердің Аллаһтан өзге табынғандарыңнан да аулақпыз. Сендермен біздердің арамызда мәңгі дұшпандық басталды. Біз сендерге сендер жалғыз Аллаһқа иман келтіргендеріңе дейін қарсы боламыз"-деген еді".[39]





Міне бұл барлық пайғамбарлардың діні. Бұл дін — Аллаһ Тағала оны осымен жіберген, пайғамбарлардың мөрі және ең артығы болған пайғамбарымыз Мұхаммедтің діні.





Сондықтан әр мұсылманға осы таухидті мықтап ұстану, оған берік болу және адамдарды оған шын ықыласымен шақыруы міндет. Сондай-ақ осы жолда кездесетін қиыншылықтарға сабыр қылу уәжіп болады. аллаһ Тағала өзінің пайғамбарына былай дейді:





فَاصْبِرْ كَمَا صَبَرَ أُوْلُوا الْعَزْمِ مِنَ الرُّسُلِ





" Пайғамбарлардың мықтылары сабыр еткендей сабыр ет;"[40]





{وَاصْبِرْ وَمَا صَبْرُكَ إِلاَّ بِاللّهِ }





"Сабыр ет! Сабыр етуің Аллаһтың ған мархаметі;"[41]





وَاصْبِرُواْ إِنَّ اللّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ





"Сабыр етіңдер!Расында Аллаһ сабыр етушілермен бірге;"[42]





وَالْعَصْرِ (1) إِنَّ الْإِنْسَانَ لَفِي خُسْرٍ (2) إِلَّا الَّذِينَ آَمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ





"Асырға серт! Расында адамзат қасіретте. Тек иман келтіргендер, ізгі амалдар істегендер, бір-біріне ақиқатты үгіттескен және (осы жолда) бір-біріне сабыр етуді үгіттескендер ғана қасірет-зиян шекпейді;"[43]





إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍ





"Сабыр етушілерге сауаптары есеп-қисапсыз беріледі." [44]





Аллаһтан бізбен сіздерді және барлық мұсылмандарды әрі барлық ақиқатқа шақырушыларды оның разы болатын және пенденің пайдасына болатын істерге жеткізуін сұраймын! Сондай-ақ Аллаһтан барлық мұсылмандардың басшыларын халық үшін пайдалы және тура жолға бастайтын істерге жеткізуін сұраймын! Расында Аллаһ соның иесі әрі оған қадірлі. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жанұясына, сахабаларына және қияметке дейін олардың іздерімен жүргендерге Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!





(Шейх Ибн Баз)





 



Recent Posts

Зәкат әл-фитр (Пітір ...

Зәкат әл-фитр (Пітір садақасы)

Мүміндердің Анасы – З ...

Мүміндердің Анасы – Зәйнәб Хузәймақызы (оған Аллаһ разы болсын) туралы қисса

Мүміндердің Анасы – С ...

Мүміндердің Анасы – Сәудә Зумғақызы (оған Аллаһ разы болсын) туралы қисса

Әбу Бәкр – сахабалард ...

Әбу Бәкр – сахабалардың ең жақсысы