Пайғамбарлардың таухиді және оған тескері келетін мүшріктер мен кәпірлердің діндері
توحيد الأنبياء
дерек көзі: www.darulhijra.ru
www.darulhijra.ru مصدر: الموقع
Пайғамбарлардың таухиді және оған тескері келетін мүшріктер мен кәпірлердің діндері
Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Пайғамбарымыз Мұхаммедке және басқа пайғамбарларға, олардың от бастарына әрі басқа ізгілерге Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын.
Шындығында Аллаһ Тағала өзінің пайғамбарларын адамдарды Аллаһты бірлеуге шакырулары үшін және құлшылықты тек Аллаһқа арнаулары әрі Аллаһты Адамдарға таныту үшін жіберді. Құранда Аллаһ Тағала айтты:
((وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولاً أَنِ اعْبُدُواْ اللّهَ وَاجْتَنِبُواْ الطَّاغُوتَ))
«Расында әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер де тоғуттан сақ болыңдар» дейтін елші жібердік».[1]
Аллаһ Тағала бұл аятта әр үмметке оларды бір Аллаһқа құлшылық етуге шақыру үшін, сондай-ақ оларды тоғуттарға құлшылық етуден сақтандыру үшін пайғамбарларды жібергенін айтты.
Құлшылық – ол таухид. Өйткені пайғамбарлар мен олардың үмметтерінің арасындағы келіспеушілік осы таухид үшін болған еді. Мүшріктер Аллаһқа құлшылық ететін, бірақ сөйте тұра олар Аллаһпен бірге басқа біреулерге де қоса құлшылық ететін еді. Сонда Аллаһ оларды бір өзіне ғана құлшылық етуге бұйыратын және одан өзгеге құлшылық етуден қитаратын пайғамбарларды жіберді. Аллаһ Құранда былай дейді:
((وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ إِنَّنِي بَرَاء مِّمَّا تَعْبُدُونَ ، إِلَّا الَّذِي فَطَرَنِي فَإِنَّهُ سَيَهْدِينِ))
«Еске алыңыз, Иброхим әкесіне және қаумына айтқан еді: «Әлбетте мен сендер табынып жатқан пұттардан пәкпін. Тек қана мені жаратқаннан басқа, әлбетте ол мені тура жолға салады».[2]
Аллаһ Тағала бұл аятта Өзінің халилі[3] Иброһимнің(әлейһис-сәләм) өз қаумы құлшылық етіп жатқан пұттардан аулақ болып тек Аллаһқа ғана құлшылық ететінін айтты. Бұл аят мүшріктердің Аллаһқа және сонымен қатар басқа пұттарға да құлшылық еткендеріне дәлел болады. Сол үшін Иброһим (әлейһис-сәләм) өзін жаратқан Рабысынан басқа барлық құлшылық етіліп жатқан пұттардан аулақпын деді. Өйткені құлшылыққа тек жаратушы, ризық беруші ғана лайықты, ал ол тек Аллаһ қана.
Тағы бір аятта Аллаһ Тағала былай дейді:
((وَمَا أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولٍ إِلَّا نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا فَاعْبُدُونِ))
«(Мұхаммед саллаллаһу әлейһи уә сәлләм), Сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, әлбетте оған: «Менен басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, сондықтан маған ғана құлшылық қылыңдар» деп уахи етіп жібердік».[4]
Бұл аятта Аллаһ Тағала пайғамбарымыз Мұхаммедтен (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) бұрынғы жіберілген барлық пайғамбарларға (әлейһис-сәләм) Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екендігін, сондай ақ Аллаһ адамдарға оның өзіне ғана құлшылық етулеріне бұйырғандығын уахи етіп жібергендігін айтты.
Міне осы аят қазіргі кездегі барлық Аллаһтан өзге құлшылық етіліп жатқандардың; пайғамбарларға, әулиелерге, пұттарға және жын, періштелер үшін қылынып жатқан құл- шылықтардың барлығы өтірік, жалған екендігіне дәлел бо- лады. Бұл нәрсені әлде қайда айқындай түсетін аяттарға Аллаһ Тағаланың толық үкім беретіні және оның құдіреті мен әділдігі себебі жайында айтылған мына сөзі жатады:
((ذَلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِن دُونِهِ هُوَ الْبَاطِلُ))
«Бұл — Аллаһ хақ, ал олардың Аллаһтан өзге сиын ғандары, ол жалған болғандығынан».[5]
(Бұл: яғни, Аллаһтың толық үкім етуі, оның әділдігі және әр нәрсеге құдіретті болуының себебі – Аллаһ хақ, яғни берік, ол әзелден бар және ешқашан жоқ болып кет- пейтіндігінен, ол ең алғашқы, одан алдын ешкім жоқ, әрі болмаған, ол ең ақырғы, одан кейін ешкім болмайтын- дығынан. Оның есім-сипаттары кәміл, ол уәдесінде шын- шыл, оның уәдесі хақ, оған жолығу хақ, оның діні хақ, оған құлшылық ету хақ әрі пайдалы және мәңгілікке қала- тындығынан. Ал олардың Аллаһтан өзге сиынған пұттары, тастары және хайундары ол жалған. Олардың өздері де, оларға арналған құлшылық та жалған. Өйткені олар өтіп кететін пәни дүниеге тәуелді, сондықтан пәни дүние жалған болғандықтан, бұлар да сөзсіз жалған болады).[6]
Тағы да осы мағынаны Аллаһ Тағаланың мүшріктер жайындағы пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) оларды «Лә иләһа иллә ллаһ» деп айтуға шақырғандағы олардың айтқан сөзі айқындайды. Сол кезде олар:
أَجَعَلَ الْآلِهَةَ إِلَهًا وَاحِدًا إِنَّ هَذَا لَشَيْءٌ عُجَابٌ
«Тәңірлерімізді бір ақ тәңір қылды ма? Бұл өте таң қаларлық нәрсе ғой!?»[7] - деген еді.
Сол сияқты оларға осы сөзді айтыңдар делінгенде, олар тәкаппарланған еді. Аллаһ Құранда былай дейді:
إِنَّهُمْ كَانُوا إِذَا قِيلَ لَهُمْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ يَسْتَكْبِرُونَ، وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوا آلِهَتِنَا لِشَاعِرٍ مَّجْنُونٍ
«Расында оларға: «Лә иләһа иллә ллаһ» - деңдер делінсе, олар тәкаппарланатын және:«Тәңірлерімізді бір ақылынан айырылған ақын үшін тастаймыз ба?!» - дейтін еді».[8]
Осы аяттардың барлығы мүшріктердің таухид кәлимасы, яғни «Лә иләһа иллә ллаһ» олардың Аллаһқа серік келтірулерін жоққа шығаратынын білетіндігіне және олардың табынған пұттары жалған екендігіне дәлел болады. Міне осыдан расында «Лә иләһа илла ллаһ» кәлимасы құлшылықты тек Аллаһқа ықыласпен арнауды талап ететіндігін білуге болады. Сол сияқты бұл аяттар Аллаһ Тағаланың ақиқат құлшылыққа лайықты екендігіне дәлел етеді. Егер олай болмаса, сол кездегі Құрайыш мүшріктері Лә иләһа илла ллаһ сөзін айтудан тәкаппарланбайтын, әрі бұл сөз олардың барлық пұттарын өтірікке шығарады деп айтпайтын еді.
Бұл нәрселерді көп адамдар білмейді. Өйткені олар егер біреу: «Лә иләһа илла ллаһ» деп айтса болды, ол толық мұсылман болды деп ойлайды. Тіпті егер сол адам дұға ету, қорқу, үміт ету, тәуекел ету, құрбан шалу және нәзір ету сияқты көптеген құлшылықтың түрлерін Аллаһтан басқа біреуге арнаса да, оны толық мұсылман деп ойлайды.
Ол адамдар «Лә иләһа илла ллаһ» деп айтады, бірақ олар сонымен қатар өздері әулие деп атайтын қабірлердегі өлген адамдардың аруақтарына жалбарынады. Олардан өздеріне қажет болған нәрселерін сұрайды, бастарына түскен қиыншылықтарын кеткізулерін тілейді, олардан жауларына қарсы жәрдем сұрайды. Олар бұл нәрселерді бірде қабірдің басына келіп, бірде ұзақта жүріп те сұрайды.
Кейде олар осы нәрселерді пайғамбарымыз Мұхаммедтен (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) және басқа да пайғамбарлардан сұрайды. Сондай ақ кейде өздеріне қажет болған нәрселерін жындардан тілейді, олардан жәрдем сұрайды, олар үшін құрбандық шалып олардан пір пайда не ауруларына шипа іздейді. Тіпті өздеріне төнген қауіп қатер мен азаны кеткізуін сұрауға дейін барады.
Бұл істердің барлығы сол қабірлерге табынып жүрген адамдармен араласқан және олардың қалай Аллаһқа серік келтіретіндерін, қандай анық күпірлік істерге баратындарын көрген адамға жасырын емес.
Жоғарыдағы аяттарда айтылғандай Аллаһ Тағала пайғамбарлардың барлығын осы ширкті қайтару үшін, одан сақтандыру үшін және адамдарды тек бір Аллаһқа құлшылық етуге шақыру үшін жіберді. Аллаһ Тағала пайғамбарларға адамдарды өздерін жаратқан және оларды ризықтандырған Раббыларымен таныстыруды бұйырды.
Содай ақ оларға Аллаһтың кемел ұлықтығы мен құдіретіне және оның толық білімі мен пендесіне деген жақсылығына, оларға деген рақымдылығына дәлел ететін көркем есімдері мен жоғары сипаттарын зікір етуді бұйырды. Аллаһ пайғамбарларды адамдарға тек оның өзі ғана пайда не зиян беруші екендігін, олардың барлық істерін басқарушы және барлығының хал ахуалдарын тек қана Аллаһ білуші екендігін хабарлаулары үшін жіберді. Сондықтан Аллаһтан басқа біреу, ол пайғамбар не періште не әулие болса да, ол оған құлшылық етуге, одан бір нәрсе сұрауға лайықты емес. Өйткені тек Аллаһ қана әр нәрсеге құдіретті, әр нәрсені білуші, ал одан өзгелерінің барлығы Аллаһқа мұқтаж. Аллаһ құранда былай дейді:
وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ، مَا أُرِيدُ مِنْهُم مِّن رِّزْقٍ وَمَا أُرِيدُ أَن يُطْعِمُونِ، إِنَّ اللَّهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَتِينُ
«Жын мен адамзатты тек өзіме құлшылық етулері үшін жараттым. Олардан бір ризық талап етпеймін және олар мені тамақтандыруларын да қаламаймын. Өйткені Аллаһ ризықтандырушы әрі мықты күш қуат йесі».[9]
يَا أَيُّهَا النَّاسُ اعْبُدُواْ رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ، الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الأَرْضَ فِرَاشاً وَالسَّمَاء بِنَاء وَأَنزَلَ مِنَ السَّمَاء مَاء فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقاً لَّكُمْ فَلاَ تَجْعَلُواْ لِلّهِ أَندَاداً وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ
«Әй адамдар! Сендерді және сендерден бұрынғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар, бәлкім сақсынарсыңдар! Ол седер үшін жерді жайлы орын, аспанды шатыр еткен және көктен жаңбыр жаудырып сол арқылы сендерге ризық болсын деп жемістер өсірген. Сондықтан біле тұра оған ортақ қосаңдар!»[10].
أَيُّهَا النَّاسُ أَنتُمُ الْفُقَرَاء إِلَى اللَّهِ وَاللَّهُ هُوَ الْغَنِيُّ الْحَمِيدُ، إِن يَشَأْ يُذْهِبْكُمْ وَيَأْتِ بِخَلْقٍ جَدِيدٍ، وَمَا ذَلِكَ عَلَى اللَّهِ بِعَزِيزٍ
«Әй адамдар! Сендер Аллаһқа мұқтажсыңдар. Аллаһ болса, ешкімге мұқтаж емес әрі барлық мақтауларға лайықты. Егер қаласа, сендерді жердің бетінен кетіріп, орындарыңа басқа ел келтіреді. Бұл Аллаһқа қиын емес».[11]
Пайғамбарлардың әрқайсысы өз қауымдарына Аллаһ Тағаланың ұлықтығын, оның әр нәрсеге құдіретті, әр нәрсені білуші және дұғаларды еститін, қиыншылыққа тап болғанға жәрдем ететін, пайда да, зиян да беретін Аллаһ екендігін жеткізді. Сонымен қатар олар өз қауымдарына олардың құлшылық еткендері оларға еш пайда не зиян әкелмейтінін, оларға дұға қылса дұғаларын естімейтін және оған жауап та қайтара алмайтындықтарын жеткізді. Сондай ақ пайғамбарлар қауымдарына олардың құлшылық еткен пұттары сөйлемейтіндіктерін және оларды тура жолға сала алмайтындықтарын, олар үшін не пайда не зиян әкеле алмайтындықтарын хабарлады.
Міне осының барлығы олардың тек Аллаһқа құлшылық етулерін, оған тәубе етіп өз қажеттерін тек Аллаһтан сұрау- ларын талап етеді. Сондай ақ бұның барлығы Аллаһтың жіберген пайғамбарларын растап, Аллаһтың шариғатын ұстануды талап етеді.
Аллаһ Құранда Нұх (әлейһис-сәләм) өз қаумына былай дегені жайлы айтты:
اسْتَغْفِرُوا رَبَّكُمْ إِنَّهُ كَانَ غَفَّارًا، يُرْسِلِ السَّمَاء عَلَيْكُم مِّدْرَارًا، وَيُمْدِدْكُمْ بِأَمْوَالٍ وَبَنِينَ وَيَجْعَل لَّكُمْ جَنَّاتٍ وَيَجْعَل لَّكُمْ أَنْهَارًا
«Раббыларың (Аллаһтан) жарылқау сұраңдар, әлбетте ол өте жарылқаушы. (Егер одан жарылқау сұрасаңдар), ол үстеріңе көктен жаңбыр жаудырады және сендерге мал-дүние, бала-шағамен медет береді әрі сендерге бау-бақшалар және ағатын өзендер тарту етеді».[12]
Және Һуд (әлейһис-сәләм) өз қаумына былай дегені жайлы айтты:
أَتَبْنُونَ بِكُلِّ رِيعٍ آيَةً تَعْبَثُونَ، وَتَتَّخِذُونَ مَصَانِعَ لَعَلَّكُمْ تَخْلُدُونَ، وَإِذَا بَطَشْتُم بَطَشْتُمْ جَبَّارِينَ، فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ، وَاتَّقُوا الَّذِي أَمَدَّكُم بِمَا تَعْلَمُونَ، أَمَدَّكُم بِأَنْعَامٍ وَبَنِينَ، وَجَنَّاتٍ وَعُيُونٍ، إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ
«Сендер әрбір төбеге ойын-күлкі үшін бір белгі, биік құрылыс жасайсыңдар ма? Және мәңгі жасап қалатындай сарайлар саласыңдар ма?! Қашан бір кісіні (жазалау үшін) ұстасаңдар, рақымсыздардай ұстай-сыңдар. Енді, Аллаһтан қорқыңдар және маған мойынсыныңдар! Сендерге өздерің білетін нығметтерді берген Аллаһтан қорқыңдар! Ол сендерге шаруа хайуандарын, бала-шаға және бау-бұлақтарды берді ғой. Шындығында мен сендердің үстеріңе қатты азап түсіуінен қорқамын»[13].
(Аллаһ Тағала Ад қаумына өте үлкен күш-қуат берген еді. Сонда оларға сол күш-қуаттарын Аллаһқа итағат етуге пайдаланулары керек болатын. Бірақ олар тәкаппарланып: «Бізден қуатты кім бар?»-деп мақтанады және күш- қуаттарын күнә істеуге, бекершілік пен ақымақтыққа жұмсайды. Олар әуес ететін нәрселерге қатты құмарланатын еді және қалаларының сыртындағы таулардың арасындағы жол жағаларына дейін ойын күлкі қылатын биік, қымбат ғимараттар құратын. Өздері тұратын үйлерін ешқашан өлмейтіндей шектен тыс артық дәрежеде мықты және оюлы қылып құрып, бүкіл өмірлерін осындай пайдасыз істерге сарыптайтын әрі сонымен мақтанатын еді. Сонда Һуд (әлейһис-сәләм) оларды Аллаһтың берген нығметтерін естеріне түсіріп, егер сол күпірлік пен бекершіліктерінен қайтпаса, оларды түссе кері қайтарылмайтын қатты азап келуін айтып ескертті).[14]
Аллаһ Тағала өзінің пайғамбары Солих (әлейһис-сәләм) өз қаумын былай деп шақырғаны туралы айтты:
تُتْرَكُونَ فِي مَا هَاهُنَا آمِنِينَ، فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ، وَزُرُوعٍ وَنَخْلٍ طَلْعُهَا هَضِيمٌ، وَتَنْحِتُونَ مِنَ الْجِبَالِ بُيُوتًا فَارِهِينَ، فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ، وَلَا تُطِيعُوا أَمْرَ الْمُسْرِفِينَ، الَّذِينَ يُفْسِدُونَ فِي الْأَرْضِ وَلَا يُصْلِحُونَ
«Сендер бұл жердегі баулар мен бұлақтар, егіндер мен жемістері жұмсақ, піскен құрма ағаштары арасында мәңгі қалдырылып, шеберлікпен таулардан үйлерді жона береміз деп ойлайсыңдар ма? Аллаһтан қорқыңдар да маған мойынсұныңдар! Жер бетінде бұзақылық қылатын және еш нәрсені оңдай алмайтын шектен шығушылардың әміріне мойынсұнбаңдар!»[15].
Құранда Аллаһ Тағала өзінің халилі[16] Иброһим (әлейһис-сәләм) жайлы былай деген:
وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ إِبْرَاهِيمَ، إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَا تَعْبُدُونَ، قَالُوا نَعْبُدُ أَصْنَامًا فَنَظَلُّ لَهَا عَاكِفِينَ، قَالَ هَلْ يَسْمَعُونَكُمْ إِذْ تَدْعُونَ، أَوْ يَنْفَعُونَكُمْ أَوْ يَضُرُّونَ، قَالُوا بَلْ وَجَدْنَا آَبَاءَنَا كَذَلِكَ يَفْعَلُونَ، قَالَ أَفَرَأَيْتُمْ مَا كُنْتُمْ تَعْبُدُونَ، أَنْتُمْ وَآَبَاؤُكُمُ الْأَقْدَمُونَ، فَإِنَّهُمْ عَدُوٌّ لِي إِلَّا رَبَّ الْعَالَمِينَ، الَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهْدِينِ، وَالَّذِي هُوَ يُطْعِمُنِي وَيَسْقِينِ، وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِ، وَالَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحْيِينِ، وَالَّذِي أَطْمَعُ أَنْ يَغْفِرَ لِي خَطِيئَتِي يَوْمَ الدِّينِ، رَبِّ هَبْ لِي حُكْمًا وَأَلْحِقْنِي بِالصَّالِحِينَ، وَاجْعَلْ لِي لِسَانَ صِدْقٍ فِي الْآَخِرِينَ، وَاجْعَلْنِي مِنْ وَرَثَةِ جَنَّةِ النَّعِيمِ، وَاغْفِرْ لِأَبِي إِنَّهُ كَانَ مِنَ الضَّالِّينَ، وَلَا تُخْزِنِي يَوْمَ يُبْعَثُونَ، يَوْمَ لَا يَنْفَعُ مَالٌ وَلَا بَنُونَ ، إِلَّا مَنْ أَتَى اللَّهَ بِقَلْبٍ سَلِيمٍ
(Ей, Мұхаммед саллаллаһу әлейһи уә сәлләм!) Оларға Иброһимнің хабарын оқып бер! Сол кезде ол әкесі мен еліне: «Неге құлшылық етесіңдер?»-дегенінде олар: «Біз пұттарға ғибадат етушіміз, әрі оларға көбірек уақыт бөліп құлшылық етіп қала береміз»-деді. Сонда Иброһим (әлейһис-сәләм) оларға: «Мінәжәт еткен кездеріңде пұттарың сендерді естиді ме? Немесе олар сендерге пайда, не зиян жеткізе алады ма?!»-деді. Олар: «Жоқ, біздер ата-бабаларымызды осылай пұттарға ғибадат етулерін көргенбіз. (Сол себептен, біздер де пұттарға ғибадат етеміз)» деді. Иброһим (әлейһис-сәләм) айтты: «Сендер өздерің және ежелгі ата-бабаларың да табынып жүрген пұттарың жөнінде ойлап көрдіңдер ме? Шындығында олар мен үшін дұшпан (сондықтан, мен оларға құлшылық етпеймін), тек бүкіл әлемдердің Раббысына ғана құлшылық етемін. Ол мені жаратқан, сондықтан, Өзі мені тура жолға салады. Ол мені тамақтандырады да сусындандырады. Ол қашан ауырсам, маған шипа береді. Ол мені өлтіреді де сонсоң қайта тірілтеді. Ол сондай Аллаһ, қиямет күні мен одан қателерімді жарылқауын үміт етемін. Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса көр! Мені кейінгі нәсілдердің тілінде де шынайы үлгі қыла көр! Мені нығметті жаннаттың мұрагерлерінен қыл! Әкемді жарылқа, өйткені ол адасушылардан. Қабірден қайта тіріліп тұратын күнде мені мұңайтпа! Ол күні мал да, бала-шаға да пайда бермейді. Бірақ кім (Аллаһқа серік келтірмей, ықыласты)сау жүрекпен келсе, сол ғана оған пайда береді»-деді.[17]
Тағы да Аллаһ Тағала Исрайл ұрпақтарының сиырға табынғандары туралы былай деді:
وَاتَّخَذَ قَوْمُ مُوسَى مِن بَعْدِهِ مِنْ حُلِيِّهِمْ عِجْلاً جَسَدًا لَّهُ خُوَارٌ أَلَمْ يَرَوْاْ أَنَّهُ لاَ يُكَلِّمُهُمْ وَلاَ يَهْدِيهِمْ سَبِيلاً
«Мұса (әлейһис-сәләм) Тұр тауына Аллаһқа құлшылық ету үшін кеткеннен кейін, оның қаумы өздерінің сәндік-әшекей бұйымдарынан мөңірейтін бір бұзаудың денесінен мүсін жасап алып оған құлшылық ете бастады. Олар ол бұзаудың өздеріне сөйлемейтінін және оларды тура жолға сала алмайтынын білмей ме?».[18] Сондай ақ Таха сүресінде олар жайлы:
أَفَلَا يَرَوْنَ أَلَّا يَرْجِعُ إِلَيْهِمْ قَوْلًا وَلَا يَمْلِكُ لَهُمْ ضَرًّا وَلَا نَفْعًا
"Олар (сол бұзаудың) өздеріне жауап қайтара алмайтынын, сондай ақ ол олар үшін не зиян, не пайда келтіру күшіне ие емес екенін көрмей ме?- деді".[19]
Яғни олар өздеріне сөз қайтармайтын, не пайда не зиян әкеле алмайтын және сөйлемейтін әрі оларды тура жолға сала алмайтын бір бұзауға табынатындай ақылдары қайда кетті?
Міне осыдан дұғаны еститін, қиналған адам егер одан жәрдем тілесе, оған жауап беретін және егер қаласа сөйлейтін, пайда және зиян келтіруші - ол тек қана аса пәк Аллаһ екендігін білуге болады. Сондай-ақ бұдан бұл сипат- тар кемелдік сипаттарға жататынын және ақиқат құлшы- лыққа лайықты тәңір осындай сипаттарға ие болу керектігін аңғаруға болады. Ал бұрынғы және қазіргі кездегі адамдардың табынып жүрген пұттары бұл сипаттардың ешқай- сысына да ие емес. Олар естімейді, адамға, тіпті өздеріне де пайда немесе зиян тигізе алмайды, дұға еткенге жауап қат- пайды, оған сөз қайтармайды және оларға тура жолды да көрсете алмайды. Сондықтан қалайша бұл нәрселерді барлығын естуші, жауап қатушы, пайда мен зия оның қолында болған, барлық нәрсені білуші, әр нәрсеге құдіретті, одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім болмаған Аллаһқа теңеп, оған оны серік қылып құлшылық етуге болады.