Articles

АЛЛАҺ ПЕН ОНЫҢ ҚҰЛЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ  


ОН  ТОСҚАУЫЛ                                                                                       


Аса қамқор , ерекше мейірімді Аллаһтың атыменен бастаймын . 


Барша мақтау бүкіл  əлемдердің  Раббысы Аллаһқа тəн . Жəне пайғамбарлардың  


соңы болған Мухаммедке Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын . 


Бірінші тосқауыл:


Аллаһ жайында білімнің жоқтығы . 


Яғни , Аллаһ-Тағаланы танымау . Кім Аллаһ-Тағаланы таныса  


Оны сөзсіз сүйеді .Аллаһты сүймеген адам  - Оны мүлдем танымаған адам . 


Расында Аллаһты танымаған адам Оны шынайы сүйе алмайды . Сондықтан 


Аллаһтын елшісі (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) көрсеткен 


сүннет жолының үстінде болған мұсылмандар əркез ілім іздеу үстінде болады . 


Себебі ,сенің Аллаһ жайында білімің артып , Оны таныған сайын , Оған-деген 


махаббатың да арта түседі .  


Көркем сөзбен Аллаһтың дініне уағыздап шақырушы болған 


Шұғайып пайғамбар ғалайһиссалам өз қауымына : 


"Раббыларыңнан (істеген күнə-кемшіліктерін үшін) жарылқау


кешірім өтініңдер , кейін Оған шынайы тəубе жасаңдар . Расында менің 


Раббым (тəубе етушілерге) ерекше мейірімді , (жəне оларды)өте сүюші ". (Һуд 


сүресі , 90-шы аят) 


Жəне Ұлы Раббың Құранда былай-деп , айтады : 


"Шынында , сондай иман келтірген жəне салихалы амал 


жасаушы пенделері үшін,рахмет егесі болған Аллаһ (сүйікті құлдары мен 


періштелерінің жүрегіне) махаббат орнатады".( Мариям сүресі,96-шы аят) 


Аллаһ жайында білімнің жоқтығы- ірі тосқауыл.Өзің білетіндей 


кісі танымайтын нəрсесін оңай дұшпан тұта салады . Жəне ақиқатта Аллаһты 


танымайтын пенделер Оған күнəһар болып харам істерге түсіп жүреді.Сонымен 


қатар Аллаһты танымайтындар жын-шайтандардың жетегіне түсіп , соларға 


сиынып кетіп жатады . Сол үшін Аллаһ-Тағала əуелі білімге үндеді; 


Ей,Мухаммед "Ендеше біл ¹! Аллаһтан өзге ( ғибадатқа лайықты) 


ешбір тəңір жоқ . Күнəң үшін ( Аллаһтан )жарылқау өтін . Жəне иман 


келтірген ерлер мен иман келтірген əйелдер үшін (күнəларының кешірілуін) 


өтін "( Мухаммад сүресі , 19-шы аят )                                                                                                      


Аллаһ жайындағы білімсіздіктен құтылудың емі – Оны ақиқат 


дəрежесінде тану . Егер сен оны танысаң шынайы тəубеменен өмір сүресің. 


Екінші тосқауыл


: Бидағат ²        


    1.    


Бұл аяттағы " біл " сөзі Аллаһтың ілім іздеуді парыз ететін əмірі . Жəне 


ілімнің ең əуелі , əрі əрбір адамға білуге тиіс болғаны Аллаһтан өзге ғибадатқа  


лайықты ешбір тəңірдің жоқ екенін білу . 


    2.    


Бидағат-дегеніміз Құран мен сүннетте келмеген бөгде ғибадат түрлері . 


Кім бір бидағат амалмен құлшылық  ете бастаса ,онда ол 


Аллаһтан алыстай бастайды.Сол бидағат өзі мен Раббысының арасына  


1


тосқауыл болады . Бидағаттан бас тартпайынша ол тосқауыл кетпейді . Оған 


пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) мына хадисі 


дəлел : 


"Кім Біздің əмірімізде болмаған бір жаңалықты (яғни,бөгде 


ғибадат түрін) келтірсе , ол нəрсе қайтарылады(қабыл болмайды)".( Сахих 


хадис) 


Ал Аллаһ хұзырында қабыл болатын салихалы амалдың екі 


шарты бар : 


Бірінші шарт :


Ықылас .Яғни жасаған амалын Жалғыз , əрі ешбір серігі 


болмаған Аллаһтың дидарына қауышып , ризалығына жету үшін ғана жасау 


керек . 


Екінші шарт 


:Амалды Мухаммед пайғамбардың(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен 


сəлемі болсын)  сүннетіне сəйкестіндіріп жасау .  


Осы екі шартқа негізделмеген амал қабыл болатын салихалы 


амалдардың қатарына қосылмайды . Жəне ол амал Аллаһ хұзырына 


көтерілмейді . Себебі Аллаһқа тек жақсы да салихалы амалдар ғана көтеріледі . 


Сондықтан бидағат пенденің жасаған амалының Аллаһқа көтерілуіне тосқауыл 


болады . Соның салдарынан құл Аллаһтың разылығына жетуден тосылады . 


Өйткені бидағат құл мен Құдай арасындағы тосқауыл . Оның себебі ол құл 


Жаратушы Егесінің қалау -əміріменен емес , өзінің қалау əміріменен құлшылық 


жасауда . Хақ ғибадаттан бұрушы нəфсі қалауы Аллаһтың разылығына жетер 


жолдағы кедергі . Бұл кедергіге пенде Аллаһқа Оның бекіткен шариғатымен 


талаптанбай , ол шариғаттан бөгде амалдармен талаптануының салдарынан 


ұшырайды . Бидағатшы адам күнəһкəр адамнан да жаман .   


Үшінші тосқауыл


 : Ішкі үлкен күнəлар . 


Олардың саны да , істелуі де көп . Мысалы өзін өзгелерден артық 


санау , мақтаншақтық , тəкəппарлық , көре алмастық ,  өз-өзіне ғажаптанып баға 


беру , ел көзіне түсіп қалып  , олардан мақтау сөзді естуге құмарту , уақытша 


нəрселермен алдану сиақты нəрселер . Осы ішкі жасырын күнəлар сыртқы 


күнəлардан да жаманырақ . Яғни  зина жасау , арақ ішу, ұрлық істеу сиақты 


күнəлардан да  жаманырақ . Егер осы жасырын күнəлар жүрекке орнығатын 


болса , онда олар құл мен Құдайдың арасындағы байланысқа тосқауыл болады . 


Себебі пенде Раббысының ризашылығына жеткізетін жолды аяғының 


қадамымен емес , жүрегінің талабымен тауысады . Ал бұл ішкі жүрек күнəлары 


сол жолдың қарақшылары . Осыған байланысты белгілі ғалым Ибн Қайим : "Бір 


пендені көресің , ол салихалы амалдарға барынша ынталанып , оларды игеріп 


алады . Салихалы амал оған əрдайым бағынушы əскерге ұқсап қалады . 


Сондықтан ол пендені шариғат əмірлеріне барынша бойұсынған , дінге өте 


берілген күйде көресің . Сөйте тұрып ол пенде Аллаһтан өте алыста болады " 


Енденше , неге бұлай болды ? Ойланып көрші . ( бұл нəрсе сыртқы дүниесі 


шариғат əмірлеріне бағынып түзелген , бірақ ішкі дүниесі ұмытылып үлкен 


күнəлармен ойран болған адамның мысалы ) 


2


Төртінші тосқауыл 


:Сыртқы үлкен күнəлəр . 


Бұл күнəларға ұрлық , арақ ішу , ойнас жасау сиақты т.б. харам 


істер жатады . Осы тұста мына нəрсені білуіміз тиіс болады . Ол нəрсе қайталай 


беруменен кіші күнəлардың үлкен күнəға айналатыны жəне Аллаһтан шынайы 


кешірім сұрап , тəубе етуменен үлкен күнəлардың жойылатыны . Күнəні 


қайталау – шариғат əмірлеріне қарсы келгендік пен сол күнəға қайта оралуды 


шешім еткендіктің белгісін көрсетеді . Кейбір кіші күнəлəр мына төмендегі 


алты нəрсенің себебінен үлкен күнəға айналады . Олар: 


1.Əрдайым  жасалынуы мен қайталанып тұруы себебінен . 


Мысалға бір кісінің əйел затына  көз салуы . Көздің де зинасы бар . 


Оның зинасы қарау . Көз зинасының күнəсі пұт зинасының  күнəсінен кіші 


болғанымен , əрдайым қайталанып жасалынуы себебінен үлкен күнəға 


айналады . Себебі ол пенде харам нəрселерден көзін тиудан бас тартып , ол кү- 


нəлəрды қайталап жасай беруге бекінген адам . 


2. Кіші күнəлардан сескенбеу . 


Мысалы темек тартатын бір адамға “Құдайдан қорық!Темекі шегу харам . 


Жəне байқасаң сенің бойыңда харам нəрселерден тежелуіңді насихат ететін 


белгілер пайда болуда . Яғни , жасың ұлғайып , басыңдағы шашың мен иегіңдегі 


сақалың ағарған . Оның үстіне онсыз да кем дүниеңді кеміте түсіретін бұндай 


нəрсенің керегі не ?„-десең , “ Е , бұл темекінің күнəсі шошынарлықтай үлкен 


емес , кішігірім „ – деп , оны кіші көріп , менсінбеушілік танытады ¹. 


3.Күнəға қуану . 


Кейде  бір пенделердің жасалған күнəдан рахаттанып қуанып жүргенін 


көресің .Ал бұл нəрсе , яғни жасалған күнəмен қуану , ол күнəні жасағаннан да 


ауырырақ . Тіпті адамдар пайғамбардың(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі 


болсын)   "Мұсылманды ұрысып , сөгу – пасықтық , ал оған қол көтеріп , 


соғысу күпірлік "- деген сөзін ұмытып , біреудің осы сиақты күнə істерін 


көріп , " қалай жер –жебіріне жеткізіп сөгіп тастады а ?"-деп , немесе "қанын 


ағызып , өлтіріп тастағаны сауап бопты "- деген сиақты қолдау мен қуануға  


ұқсас сөздерін айтып жатады . Жəне сол сиақты бір мұсылман жас қыздың 


адамдардың көзіне түсу үшін атаққа құмартып , алданып адасқанына мəз


мейрам болып " қалай ғана аты шығып мəшһүр болып кетті , жап жас болып 


алып "-деп қуаныш сезімдерін білдіріп жатады . Ал Аллаһ Құранда былай –деп , 


айтқан: 


" Расында , сондай иман келтіргендердің ішінде арсыздық 


жайылуын жақсы көргендерге дүниеде де , ақыретте де күйзелтуші азап 


бар " ( Нұр сүресі , 19-шы аят )  


Шынайы көңіл бұрып мына нəрсені біл ! 


Күнəмен қуануың ол күнəнің жасалуынан да  ауыр. 


1.Бұл жерде үлкен адамға айтылған насихат алынған .Ал,расында 


темекі шегу үлкенге де , кішіге де тиым етілген . 


3


4.Аллаһтың пенделерінің күнəларын жасыратынына 


немқұрайдылық көрсету . 


Аббастың ұлы Абдуллаһ ( Аллаһ ол екеуінен де разы болсын ) 


былай - деп , айтты : 


" Ей , күнəнің егесі ! Ертең сол күнəнің ауыр нəтижесіне жолықпай , аман 


қаламын – деп ойлама . Расында істеген күнəңə ол күнəдан да ауыр нəрсе ілесіп 


жүреді . Сенің күнə жасап жатып оң жағыңдағы жəне сол жағыңдағы 


періштелерден ұялмауын жасаған күнəңнəн да ауыр . Аллаһтың саған қандай 


жаза беретінін білместен жасаған күнəңə мəз – мейрам болуың , сол күнңнəн да 


ауыр , Күнəң арқылы жеткен жетістігіңе қуануың , ол күнəңнан да ауыр , Жасай 


алмай қалған бір күнəң үшін өкінуің , жасамақшы болған күнəңнан да ауыр , 


барша нəрсені білуші Аллаһтан жүрегің үрейленбей ,"істеп жатқан күнəмді елге 


көрсетіп қояды ма ?" – деп , есіктің пердесін қозғаған желден қорқуың кіріскен 


күнəңнан да ауыр."  


5. Жасаған күнəні жариалау .  


Бір пенде түнін күнəменен өткізеді . Аллаһ оның сол күнəсін 


адамдардан перделеп жасырып қояды . Бірақ əлгі пенде өз күнəсін өз тіліменен 


елге жариалап , Аллаһтың жапқан пердесін ашып тастайды . Тағы бір күні келіп 


өзінің істеген күнəсін паш етіп , не істеп , не қойғанын мəз болып əңгімелеп 


отырады . Расында Аллаһ оның күнəсін ел көзінен перделеп жасырып қойған 


еді . Ол сол айыбын жауып тұрған пердені тіліменен ысырып тастап отырады . 


Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) осы 


тұрғысында ;  


"Жариалаушылардан басқа барша үмбетім кешірімге 


бөленеді . Расында жариалау – дегеніміз , бір кісі түнде бір ( күнəлі ) істі 


жасайды , кейін таң атырады . Аллаһ оның ол күнəсін жасырып қойған еді . 


Ал оның болса "ей пəленше мен өткен кеште анаған ұқсас , мынаған ұқсас 


істерді істедім " – деп айтуы . Ол күнəсін Раббысы перделеген күйде түнді 


өткізген еді . Таңды атырады да , Аллаһтың оған жапқан пердесін ашып 


тастайды". – деп айтқан . 


6.Өзгелер үлгі тұтар басшы болу . 


Бұл бір үлкен өндіріс орынының басшысы болуы мүмкін . Немесе 


мектептің басшысы . Əлде жоғарғы оқу орнының басшысы . Басшы болмаса да 


көпшілікке танымал болған мəшһүр бір адам болуы мүмкін . Кейін сол адам 


темекі тарта бастайды . Басшы бастаған соң , қосшылар қостап , олар да темекі 


шегуді бастайды . Кейін ол , адамның есін кетіріп есіртетін арақ , есірткі сиақты 


нəрселерге ұрынса , оны үлгі тұтып соңынан ерушілер де ізін басып қателікке 


жол қоюы мүмкін . Осыған ұқсас тағы бір мысал , егер бір жас бойжеткен қыз 


дене пошымын айшықтап көрсететін тар шалбарды киіп көшеге шықса , 


көпшіліктің көңілін өзіне аударып , нашар үлгіге айналады . 


Егер сен де өзгелер үлгі тұтқан адамдардан болсан , онда хал- 


ахуалың осы күйде болуы мүмкін . Сондықтан былай- деп сөйлеуші хадиске 


құлақ салып , оны есте ұста . 


"Кім исламда нашар бір жолды ( істі , əдетті ) бастаса , ол 


нəрсенің күнəсі өзіне болады . Жəне ол бастаушыдан кейін  сол істі 


жасағандардың да күнəсі соған  жазылады , кейінгілердің сол істен тапқан 


күнəлары ешбір кемітілместен ".( Муслим риуаят еткен) 


Бесінші тосқауыл:


Кіші күнəларды жасаушылардың тосқауылы . 


4


Шынында кіші күнəлар үлкейеді . Өзінің егесін ақырында 


қасыретке душар еткен қаншама кіші күнəлар бар . Аллаһ сақтасын ондай 


нəтижеден !  


Расында шынайы иман келтірген адам өз қылмысын үлкейтіп 


көреді . Яғни ,  жасаған күнəсі кішкене болса да үлкен күнəдай сескенеді . 


Себебі ол сол күнə үшін Аллаһтан қорқады . Кішкене болса да жақсы істерді 


жасауда менсінбеушілік танытпайтыны сияқты . Өйткені ол сол жақсы істерден 


Аллаһтың нығметі мен фазилетін көреді . Ол мұсылман жүрегінен күнəларды 


кіші көріп сескенбеушілік  пен ізгі амалдарды кіші көріп менсінбеушілікке 


ұқсаған нəрселерден арылғанша жоғарыда айтылған екі жағдайда болады . Яғни 


ол екі жағдай ; күнə кіші болса да Аллаһтан  қорқып , одан бас тарту жəне ізгі іс 


кіші болса  да , Аллаһтан сауап үміт етіп оны жасау . Осылайша мүмін пенде 


күнəларды жарылқаушы , құлдарын рахметіне бөлеуші , тəубелерді қабыл 


етуші , өте жомарт , əрі нығметке бөлеуші Раббысына қарай бет алады . 


Раббысы оның тəубесін қабыл етіп , күнəлардың тосқауылынан арылтып , оған 


Өзінің разылығына жеткізетін жолды жеңілдетеді .  


Алтыншы тосқауыл :


Ширк . ( Аллаһқа ортақ қосу күнəсі ) . 


Бұл тосқауыл ең ауыр , əрі ең күрделі тосқауыл . Бұдан тек таза 


таухид¹ арқылы ғана ажырауға болады . Ақиқатта ширк сөзінің негізгі 


мағынасы ; жүректің Аллаһтан өзге кез – келген нəрсеге тəуелді болып 


байлануы .Мейлі ол нəрсе денеге қатысты сыртқы тағат-ғибадат істерінде  болса 


да , немесе жүрекке қатысты махаббат , қорқу , үміт ету сиақты ішкі амалдарда 


болса да .  Осыларға ұқсас кез-келген ғибадат түрін Аллаһтан өзге нəрсеге 


арнап , сол нəрсеге байланып тəуелдену  үлкен ширк күнəсі болып табылады . 


Аллаһқа ең жеккөрінішті күнə - ширк күнəсі . Аллаһ – Тағалаға ширк ( серік 


қосу ) пен мушриктерден ( серік қосушылар ) өткен жаман нəрсе жоқ . Ширк 


күнəсінің түрі көп . Соның ішінде ең қатерлісі – жасырын ширк . Ол жайында 


Аллаһ Құранда былай – деген : 


"Жəне қиамет күні оларды түгел жинаймыз . Кейін серік 


қосушыларға "Сендердің ( Аллаһқа ) серік етіп алушы ортақтарың 


қайда ?"-деп , айтамыз . Кейін олардың бар берер жауабы "Раббымыз 


Аллаһқа ант етеміз , біз серік қосушылардан болмадық"-деген сылтау ғана 


болады .Қара!. Олар қалай өздеріне ( қасірет болып қайтатын ) өтірікті 


айтты. Жəне сөйтіп олардың қосқан ортақтары жоқ болды ( яғни , Аллаһқа 


серік етіп қосқан ортақтарының ешбірі оларға жəрдем етпеді )" (Анғам:22-24.) 


Ей, мұсылман бауырым ! Иманыңды ширк күнəсінен тазалап , 


барша ғибадат-құлшылығыңды жалғыз ғана Аллаһтың разылығы үшін 


орындауға əрекет ет . Аллаһтан ширк күнəсінен аман болуды сұра . Жəне 


Раббыңа мына дұғаменен сиын :  


" Иа, Аллаһ ! Расында мен білетін бір нəрсені Саған серік етіп 


қоюымнан сақтай көр – деп Өзіңе сиынамын жəне білмеген нəрсем үшін 


Өзіңнен кешірім өтінемін ". ( хадистен ) 


1.Таухид – барша  ғибадат-құлшылық түрін бір ғана Аллаһқа арнау . 


5


Осылайша пенде барынша сиынуменен , таза ықыласпенен , 


Аллаһтан ғана пана іздеуменен ширк тосқауылынан құтылады . 


Жетінші тосқауыл


: Фазилет пен байлық иелерінің шариғат 


рұқсат еткен нəрселерде шектен шығулары . 


Біреудің іші Аллаһ пен өзінің арасындағы байланысқа тосқауыл 


болуы мүмкін . Расында халал нəрселерден ішіп-жеу шариғат рұқсат еткен 


істерден . Бірақ пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын ) 


былай-деп , айтқан : 


"Адам баласы қарыннан да жаманырақ ыдысты толтырмады 


"( Яғни, толтырған ыдыстарының ішіндегі ең жаманы өзінің қарыны ) 


Егер адамның асқазаны толса пікірі ұйықтап , дене мүшелері 


тағат-ғибадаттан тосылады .Сол сиақты рұқсат етілген заттар ішінен киетін киім 


де Аллаһпен болатын байланысқа тосқауыл болуы мүмкін . Біреу киген 


киімімен елге көрінуді сүйеді . Ал пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі 


мен сəлемі болсын) былай – деген: 


"Динардың¹ құлы , дирхамның² құлы , жəне киімнің құлы 


бақытсыз болды"(Бухари риуаят еткен) 


Яғни хадистен көріп тұрғанымыздай , олар дүниенің фəни 


заттарын ақыреттің бақи заттарынан артық қоюлары себепті тиын-тебен , киім


кешек сиақты өздерінің сүйген заттарының  құлы –деп аталынған . Осы нəрсе 


оларға Раббыларының разылығына жетуге тосқауыл болады . Сол киімнің құлы 


болғандардың біріне "пайғамбарымыз( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі 


болсын)  : "Шалбардың (балағының) тобықтан төмен болғаны тозақта "


деп айтқан .Шалбарыңның балағын тобықтан төмен түсіріп , жерге сүйретпей 


жоғары көтеріп қысқарт "-десең , "мен қысқа етіп кигенге ұяламын . Жəне не 


үшін олай істеуім керек ?. Қалай күнделікті ішіп , жерімді табам –деп , ондай 


нəрселерді ойлауға уақытымның жоқ екенін көрмейсің бе ?" – деп , əркім 


əртүрлі сылтауын айта салады . Бұл айтылғандардан мақсат ,расында əдет – 


ғұрыптар , рұқсат етілген нəрселерде шектен шығушылық , өзіне жетерлік 


нəрселерді қанағат етпеу , аш көздікпенен артықшаға ұмтылу  сиақты істер құл 


мен Құдайдың арасына  тосқауыл болады .  


Ұйқының көптігі де тосқауыл . Ұйықтау рұқсат етілген істерден . 


Бірақ түнгі таһажжуд намазына тұрмастан , тіпті таң намазының уақыты 


өткенше ұйықтау зианға ұшыратады . Міне осы сияқты парыз ғибадаттардан 


қалдыратын ұйқы Аллаһтың разылығына жетер жолдағы кедергі . Осыларға 


ұқсас пенде жүрегінің əйелімен төсек қатынасында болуға артықша құмартуы , 


мубах³ істерге  көп көңіл бөлуі , тағат – ғибадаттардан гөрі , осындай рұқсат 


етілген істермен көбірек шұғылданып , уақытын өткізуі адам мен Аллаһ 


арасындағы тосқауылға айналады .  


Аллаһ Тағала біздерді Оның разылығына жетуден тосатын 


осындай тосқауылдардан сақтасын ! 


1,2. Сол уақыттардағы ақша өлшем бірліктері . 


   3. Істелу ,істелмеуінен не күнə ,не сауап жоқ істер . 


6


Сегізінші тосқауыл:


Аллаһтан ғапыл болғандардың тосқауылы . 


Адам өзінің Раббысымен болған байланысын үзіп , Оны ұмыта 


бастаған сəттерде , ғапылдық оның жүрегіне үкімін жүргізе бастайды . Соның 


салдарынан пенде нəпсісіне еріп , шайтанды дос тұтады . Аллаһ Өзінің Кітəбі 


Құранда былай-деп , бұйырады : 


" Жəне Біз жүрегін  Бізді еске алудан ғапыл етіп қойған , 


нəпсісінің қалауына ерген жəне ісі шектен шыққандарға бағынба " 


(Кəһф:28) 


Ал бұл ғапылдық тосқауылынан құтылу үшін , жүрекке мына үш 


нұрды орнатуға қам жасау керек . 


Бірінші нұр: Аллаһ Тағаланың берген нығметтерін іштей де , 


сырттай да сезіну , тану . Жүрек Аллаһқа - деген махаббатпен бөленгенше осы 


талпыныста болу . Расында жүрек өзіне жақсылық жасаушыны сүйуге бейім 


болып жаратылған .  


Екінші нұр: Өзінің жасап қойған қылмыстары мен күнəларын 


естеу , оларға ой жүгірту . Осы нəрсе арқылы адам өзінің бейшара хəлін сезініп , 


өзін - өзі дүние – ақыреттің жамандығына сүйреп жүргенін біледі . Жəне сонда 


өзінің əлсіздігі мен кемшілігінің көптігін байқайды . Əрі Жаратушы Раббысын 


ұлы да , кəміл сипаттарымен тани түседі . Аллаһқа мұқтаждығын сезініп , Оған 


жалбарына бас иіп , əміріне бойұсынады . Оның берген нығметі мен кеңшілігі 


үшін шүкірлік етуге жəне Оның разылығына жету мақсатында тағат – 


ғибадаттарды жасауға  асығады .   


Үшінші нұр : Өткен күндерінде жеткен жетістіктері мен жіберген 


кемшіліктеріне көңіл бұру .Адамның өмірі - ақыретке қам жасау үшін берілген 


уақыт .Ендігі қалған ғұмырында барлық күш - жігерін  өткен өмірінде кеткен  


кемістіктер мен олқылықтардың орынын толтыруға жұмсау . Сонда бақылаушы , 


əрі байқампаз болған болып , жүрегі сол істермен мазасызданады . Соның 


əсерінен өз бойынан ұйқыға шомған жүрегін оятушы сергектікті табады . Жəне 


кемшіліктен пəк болған Раббысы Аллаһ Тағалаға əрдайым итағатта болады . 


Осы үш нұр орнықса жүрекке Аллаһтың нұры түсіп , ғапылдықтың тосқауылы 


кетіріледі . 


Тоғызыншы тосқауыл: 


Жаман əдеттер мен соқыр еліктеушілік  


тосқауылы .  


Расында кейбір адамдар Аллаһтың емес əдеттің құлына айналған . 


Мысалы темекіні шегетіндердің біріне "Неге темекіні шегесің ? "-десең , "маған  


бір жаман əдет пайда болды. Бұл темекіге құмартуышы да емеспін . Оған 


мұқтаждығым да жоқ . Бірақ ашуға булыққан уақыттарымда біреуін 


тұтандырып жіберсем , біраз мезгілден кейін ашуымның тарап , жанымның 


тынышталғанын сезінемін " – дейді . Міне , осылайша жаман əдеттің кесірінен 


темекінің құлына айналған . Осынысы өзі мен Аллаһтың арасына тосқауыл 


болады . Сондықтан Аллаһтың разылығына жету жолдарының əуелі – жаман 


əдеттерге əуес болмай , олардан арылу . Аллаһтың дидарына қауышуды қалаған 


адамға Одан өзге нəрсеге құлшылық етіп , соның жетегіне түсіп кетуден сақ 


болуы керек .  


Шейхул ислам Ибн Таймия өз сөзінде : 


"Кісі тағат - ғибадат тұрғысында   Аллаһтан өзге нəрсеге болған 


тəуелділіктен толық ажырамайынша , жасаған  құлшылықтары дұрыс болмайды  


7


"-деген .Аллаһтың қабылдауы мен сүйіспеншілігіне жету үшін , өзге нəрселерге 


болған тəуелділіктен толық ажырап , Оған қарай таза жүрек , шынайы 


ықыласпен қадам басу керек .  


Оныншы тосқауыл 


:Мақсат еткен жолдарынан бұрылып кеткен 


ыждаһаттылардың тосқауылы .  


Бұл тосқауыл тағат-ғибадаттарды лəзім тұтып орындаған , бірақ 


істеген амалдарына баға беріп , өз нəпсілеріне ғажаптанушы пенделер . Өз-өзіне 


ғажаптанып , баға беріп жасаған амалы -  Раббысының разылығына жетуіне 


тосқауыл болады . Негізінде жасалған амалға тоқмейілсініп ғажаптанудан алыс  


болу керек . Пендеге Аллаһтың берген нығметін тану мен өзінің , əрі амалының 


кемшілігін көрудің арасында болу керек . Сол амалды Аллаһтың жəрдемі мен 


таупиқының арқасында орындағанын жəне ол нəрсе Аллаһтың оған берген 


игілігі мен кеңшілігі екенін білуі керек .Жəне керісінше "неге керек етілген 


дəрежеде орындамадым "- деп , амалына зерттеу жүргізгені дұрыс.Амалымды 


Аллаһ хұзырында қабыл болуына кедергі болатын апатты кемшіліктер ластап 


қоймады ма екен ?-деп , қорқу керек . Міне осылай болғанда ғана пенде 


Раббысының разылығына қарай бағытталған жүрісінде ыждаһатты болады . 


Олай болмаса өзінің жасаған аз амалына риза болып , жүрегі ғажаптанумен 


байланып , жүрісінен жаңылады .Жəне осы сиақты істеген амалына риза болып , 


ғажаптану пендені Раббысын ойлаудан əурелеп қояды . Ал бұл нəрсе тосқауыл 


болады .Себебі , құлдың жасаған амалдарынан тоқмейілсіп риза болуы , өзі 


жайында артықша жақсы ойда болуын білдіреді . Ал ақиқи ғибадат жайында 


хабары мардымсыз екенін көрсетеді . Сонымен қатар бұл нəрсе Раббысының 


қандай ғибадаттарға лайықты екенінен , əрі Оған қалайша ғибадат жасау  


керектігінен білімінің жоқтығының көрсеткіші болады . Адамның аз амалға мəз 


болып , өз-өзіне ғажаптануы өз нəпсісін , оның жаратылыс сипатын , қателік 


кемшілігін танымаудан жəне жасаған амалдарының айыптарын ескермеуден 


туындайды . Жəне бұл оның Раббысы мен Оның хақысы жайында танымының 


саяздығы . Міне , сыртқы үлкен күнəлардан да жаманырақ болған  өз-өзіне 


ғажаптану мен тəкəппарлық сияқты күнəлар осындай кемшіліктерден бастау 


алады . Жасаған амалға риза болып тоқмейілсу-ақылдың кемістігі мен сананың 


төмендігі . Жəне мына сөзді айтушы адам қалай дəл тапқан : 


" Сен қашан өзің мен Аллаһ үшін жасаған амалыңнан риза болсаң , 


онда біл , расында Аллаһ ол амалыңнан риза емес . Кім өз нəпсісінің барша 


жамандық пен кемшіліктің ордасы екенін жəне амалы барша нұқсан мен 


апаттардың көздеген нысанасы екенін білсе , онда қалайша ол Аллаһ үшін өз  


нəпсісі мен амалынан риза бола алады ?!". 


Ақылыңды  ақиқатқа  бұрып  бүтін ,     


Тани түссең Раббыңның ұлықтығын , 


Анық  болып  өзіңнің    əлсіздігің , 


Білер едің нəпсіңнің     бұзықтығын . 


Иə , Раббыңның ұлықтығын тани түссең сенің Оның разылығы 


үшін жұмсаған бүкіл күш-қуатыңның  құны түкке татығысыз екенін 


білесің .Жəне жан -жағыңа пікір көзімен қарап , Аллаһтың жаратушылық 


құдіретіне куəгер  болып ,  барша ғибадат - құлшылыққа Оның ғана лайықты 


екенін білген сайын - Ол Раббың туралы танымың арта түседі .Сонда өзіңді де  


8


тани түсесің ." Ие болып отырмын "- деген , қолыңдағы нығмет пен 


байлықтардың мөлшеріне көз жеткізесің . Əрі "бір нəрсеге иемін" –деп айтуға 


ұялар едің . Сол кезде азғантай амалыңа риза болу тұрмақ , Раббыңның алдына 


бүкіл адамдар мен жындардың жасаған амалдарыменен барсаң да , нəтижеде 


ешбір нығметке жете алмай қалудан қорқар едің  .Расында Аллаһ құлдарының 


жасаған амалын Өзінің кеңшілігімен , жомарттығымен қабылдайды . Жəне ол 


амалдарға сауап пен сыйлықтарды да  Өзінің кеңшілігімен , жомарттығымен 


береді. Осы тұста " барша күш-қуат менде " –дегеннен алыстап , барша күш


қуат Аллаһтан екенін түсінеді . Жəне бұл оныншы тосқауылдан құтылады .  


Осы жоғарыда айтылып өткен тосқауылдардың бірі екіншісінен 


де қиынырақ . Көрдің бе ей, Аллаһтың пендесі ?!. Сені Раббыңнан қаншама 


кедергілер алыстатып тұрғанын . Онда Аллаһ үшін айтшы , осы тосқауылдардан 


қалай құтылуға болады ?. Сен олардан  құтылғың келсе , Аллаһқа келтірген 


иманыңда шынайы бол . Себебі ол тосқауылдардан Аллаһтан өзге ешкім 


құтқара алмайды .  


Бұл  тұрғысында имам Ибн Қайим : 


"Осы пенденің жүрегі мен Аллаһ Тағаланың арасындағы он 


тосқауыл , сол пенденің Аллаһтың разылығына жету жолындағы жүрісіне көп 


кедергісін тигізеді . Жəне осы он тосқауыл төрт нəрседен бастау алады .Ол 


нəрселер ; жамандыққа бұйырушы нəпсі , шайтан малғұн , фəни дүние жəне 


көңіл қалауы . Осы төрт нəрсенің біреуі жүрекке орнығатын болса , 


тосқауылдардан ажырау мүмкін емес . Сондықтан , өзің мен Раббыңның 


арасындағы тосқауылдардан құтылғың келсе , саған осы төрт жамандықтың 


бастауларынан барынша алыстау тиіс болады ".  


Құдіреті күшті Аллаһтан біздерді ықыласты сөздер мен істерге 


лайықты етуін , əрі жасаған тағат-ғибадаттарымызды қабыл етуін 


сұранамыз .Жəне Аллаһ Тағала пайғамбарымыз Мухаммедке , оның əулеті мен 


сахабаларына  игілігі мен сəлемін жолдасын !  


9


 


 


 



Recent Posts

Зуль-хижжа айындағы ...

Зуль-хижжа айындағы муттахаб амалдас

Зәкат әл-фитр (Пітір ...

Зәкат әл-фитр (Пітір садақасы)

Уа, Мұсылман, мінезің ...

Уа, Мұсылман, мінезіңіз қандай?