1436
Сәресі (суһур) мен ауызашар (ифтар)
әдептері
www.Toislam.ws сайтының редакциясы дайындаған
www.Toislam.ws :إدارة الموقع
Қазақ тіліне орыс тілінен аударған www.oraza.kz
сайтының редакциясы.
Аударма мәтінін редакциялаған www.abuhanifa.kz
сайтының редакциясы.
www.oraza.kz :ترمجة
www.abuhanifa.kz :مراجعة
Сәресі (суһур) мен ауызашар
(ифтар) әдептері
1
Сәресі (суһур) мен ауызашар (ифтар) әдептері
Аса Мейірімді ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Суhур (сəресі)
Суһурдың маңыздылығы мен артықшылығы
Әрбір мұсылман түннің соңғы бөлігінде ораза тұтуға ниет етіп, суһур жасағаны жөн.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын): «Таң атпастан бұрын
тамақтаныңдар, өйткені суһурда (сәресінде) береке бар!», — деген (əл-Бухари 1923, Муслим 1095).
Суһурдың артықшылығы жайында Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі
болсын) былай деген: «Расында, Аллаһ және Оның періштелері суһур жасайтындарға
салауат айтады» (Ахмад 3/12. Шейх əл-Әлбани хадисті хасан деген).
Суһур – бұл сондай-ақ мұсылмандардың оразасы мен христиандар жəне яһудилердің
оразаларының арасындағы бір айырмашылық. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі
мен сəлемі болсын) былай деген: «Ақиқатында, біздің ораза мен Кітап иелерінің
оразасынан айырмашылығы — суһур» (Муслим 2/770).
Суһурдың маңыздылығы туралы көптеген сахих хадистерде айтылған. Ибн `Амр, Әбу
Са`ид жəне Әнастан жеткен хадисте Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен
сəлемі болсын): «Бір жұтым сумен болса да суһур жасаңдар», - деп айтқаны
хабарланады (Ахмад, Әбу Я’лə, Ибн Хиббан. Хадис сенімді. Қараңыз «Сахих əл-жəми’» 2945).
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын): «Расында,
суһурда игілік бар, сондықтан оны қалдырмаңдар», — деген ( Ахмад 11003. Хадис хасан. Қараңыз «Сахих əл
жəми’» 3683).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) сондай-ақ былай деген:
«Мүминның ең жақсы суһуры – бұл құрма» (Әбу Дəуд. Хадис сахих. Қараңыз “Сахих əт-тарғиб” 1/448).
Суһурдың уақыты
Суһурдың уақыты таң атуға жақын қалғанда басталады. Егер адам таң атпастан бірнеше
сағат бұрын немесе ұйқыға жатар алдында тамақтанса, онда бұл суһур болып
саналмайды. (Қараңыз: “əл-Маусу’атул-фиқһия” 3/269).
Суһурды түннің ақырғы бөлігіне дейін қалдыру, тіпті дəл таң намазының алдында
тамақтанған абзал. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын): «Бізге,
Сәресі (суһур) мен ауызашар
(ифтар) әдептері
2
пайғамбарларға ауызды ертерек ашып, суһурды кешірек жасау әмір етілген«, — деді (Ибн
Хиббəн, əт-Табарани, əд-Дыя. Хадис сахих. Қараңыз: “əс-Силсилə əс-сахиха” 4/376).
Ибн `Аббас Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) былай дегенін
баяндаған: «Таң екі түрлі болады: таң намазын оқуға рұқсат етілетін, ал
тамақтануға тыйым салнатын таң, және таң намазын оқуға тыйым салынатын,
бірақ тамақтануға рұқсат етілетін таң» (Ибн Хузəйма, əл-Хəким, əл-Бəйһақи. Хадистің сенімділігін имам Ибн
Хузəйма, əл-Хəким жəне шейх əл-Әлбəни растаған. Қараңыз: “əс-Силсилə əс-сахиха” 693).
Адам таң ата бастағанына анық көзі жеткенше тамақтана беруіне рұқсат етіледі. Аллаһ
Тағала былай деді: «Таңның ақ жібі мен қара жібін ажырата алғандарыңша жеңдер
және ішіңдер» (əл-Бақара 187).
Ибн `Аббас айтқан: «(Тан атуына қатысты) күдіктерің жойылмайынша Аллаһ сендерге жеп
ішуге рұқсат етті» (‘Абду-Рраззақ, хафиз Ибн Хажар иснадын сахих деп атаған. Қараңыз: “Фатхул-Бəри” 4/135).
Осындай пікірді шейхул-Ислам Ибн Тəймия да ұстанған. (Қараңыз: “Мəжму’ул-фəтауа” 29/263).
«Ішіп-жеуді, қателесуден аулақ болу үшін, таң атудан бұрын, мысалы, таң атуға он минут
қалғанда тоқтату керек» деген тұжырым – бидғат (дінге еңгізілген жаңалық) болып
табылады. Кейбір ораза кестелерінде таң намазының уақыты кіретін уақыттан бөлек
жасалған қосымша «имсәк» (яғни, ішіп-жеуді тоқтату уақыты) деп аталатын бағана
(графа) көруге болады. Бұның ешқандай (шариғи) негізі жоқ, бұған қоса ол сахих
хадистерге қайшы келеді. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған
Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) айтқан: «Кімде-кім азан естіген сәтте қолында
(асы бар) ыдысы болса, ол оны жеп болмайынша қоймасын» (Әбу Дəуд 1/549, Ахмад 2/423, əл-Хаким 1/426,
əл-Бəйһақи 4/218, əд-Дарақутни 2/165. Хадистің сенімділігін имам əл-Хаким, шейхул-Ислам Ибн Тəймия жəне шейх əл-Әлбани растаған. Қараңыз: “əс
Силсилə əс-сахиха” 1394).
Осы хадисте азан кірген уақытқа дейін тамақтанудан қорқып, таң намазынан 15-20 минут
бұрын бекітілетін имсак уақыты дінге еңгізілген жаңалық (бид`а) болып
табылатындығына нұсқау бар (Қараңыз: «Тəмəмул-минна» 418).
Бұл хадис көптеген сенімді деректермен бекітіледі. Әбу Умама былай деп айтқан: «Бірде,
намазға азан шақырылып жатқанда, `Умардың қолында кесесі болатын. Сонда ол Аллаһ
Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһтың елшісі, мынаны ішіп
қояйын ба?», - деп сұрады. Ол: «Иә, ішіп қой!», — деді» (Ибн Жəрир əт-Табари 3017. Хадистің иснады жақсы).
Әбу Зубайр былай деп баяндайтын: «Мен Жәбирден: «Ораза ұстағысы келетін адам, азан
айтылып жатқанда қолында сусыны бар кесемен не істеуі қажет?», — деп сұрадым. Ол маған
былай деді: «Біз де пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдында осы
Сәресі (суһур) мен ауызашар
(ифтар) әдептері
3
туралы сөз қозғаған едік, сонда ол: «Іше берсін», — деп жауап берді» (Ахмад 3/348. Хафиз əл-Хайсəми хадистің
иснадын хасан деген. Қараңыз: “Мəжму’у-Ззəуаид” 3/153).
Шейх əл-Әлбəни былай деген: «Хадистегі «Сендерден кім азан естісе» деген сөздер, екінші
азанды меңзеп тұр. Бұл оны имсак (тамақтан бас тарту) азаны деп қате аталатын азан емес
мүлде. Біз бірінші азанды «имсак азаны» деп атауға Сүннетте ешқандай негіз жоқ екенін
білуіміз керек».
Ибн Мас`удтың сөздерінен Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі
болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Биләлдің түнде шақыратын азаны сендерге
таң атудың алдында тамақтануға кедергі болмасын. Өйткені ол азан сөздерін таң
намазының уақыты кіргенін хабарлау үшін емес, бірақ араларында ұйықтамай
жатқандарыңның көңілін аудару және ұйықтап жатқандарыңды ояту үшін айтады» – деген (əл-Бухари 621, Муслим 2/768).
Хадистің басқа нұсқасында былай айтылған: «Сондықтан Ибн Умм Мәктум азан
айтқанға дейін жеңдер және ішіңдер!». Ибн Умм Мəктум «осы сəттен бастап тамақтануға
тыйым салынады əрі таң намазының уақыты кірді» дегенді білдіретін екінші азан
айтатын еді. Бірақ Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) сонда да
(қолында тамағы бар адамдарға) ерекшелеу жасап: «Кімде-кім азан естіген сәтте
қолында (асы бар) ыдысы болса, ол оны жеп болмайынша қоймасын», — деді.
Шейх əл-Әлбəни сондай-ақ былай деді: «Кейбір адамдардың «Егер адам екінші азанды естіп
тұрса әрі оның ауызында тамақ болса, онда ол оны түкіріп тастау керек» деген сөздері фиқһ
тарапынан айыпты саналады және Сүннетке де қарсы. Бұл Аллаһ пен: «Дінде шектен
шығушылық жасаудан (ғулю) аулақ болыңдар. Расында, сендерден бұрыңғыларды
діндерінде шектен шығушылық жасағандары опатқа ұшыратты» (əн-Нəсаи 2/49, Ибн Мəжаһ 2/242.
Хадистің сенімділігін əл-Хаким, аз-Зəһаби, əн-Нəуауи, Ибн Тəймийя растады), — деп айтқан Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың
игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған шектен тыс қаталдық, асыра сілтеушілік және
шектен шығушылық болып табылады».
Ибн `Умардан жеткен хадисте, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі
болсын) былай дегені хабарланады: «Расында, Аллаһ Тағала Оның тыйымдарын
бұзғанды қалай жек көретін болса, тура солай Ол Өзінің жеңілдіктерін қабылдағанды
жақсы көреді» (Ахмад 2/108, Ибн Хиббан 2742, əл-Қада’и 1078. Хадис сахих. Қараңыз: “Сахих əт-тəрғиб” 1059).
Ифтар (ауызашар)
Сәресі (суһур) мен ауызашар
(ифтар) әдептері
4
Жəбир былай баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
«Ақиқатында, Ұлы әрі Құдіретті Аллаһта әрбір ауызашар кезінде Оттан босататын
(құлдары) бар. Әрі бұл әрбір түн сайын орын алады!»» (Ибн Мəжаһ 1643, Ибн Хузайма 1883. Шейх əл-Әлбани
сенімділігін растаған).
Оразаны қашан тоқтату керек?
`Умар ибн əл-Хаттабтан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын):
«Егер түн мына жақтан пайда болса , — деп, шығысқа сілтеп, - Ал күндіз мына жаққа
кетсе, — деп, батысқа қарай сілтегені, - Және күн батқан кезде ораза ұстаушылардың
оразасы тоқтатылады», — деп айтқаны жеткізіледі (əл-Бухари 1954, Муслим 1100).
Сондай-ақ бірде Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын)
сахабаларының біріне ауызашарға тамақ əзірлеуді бұйырғанда, ол: «Уа, Аллаһтың елшісі,
бірақ әлі күндіз ғой», — деп айтқаны жеткізіледі. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі
мен сəлемі болсын) оған жауап бермей, тағы да ас əзірлеуді бұйырды. Осы хадистің
жеткізушісі: «Біз оразаларымызды тоқтанқанда, алдымызда күндізгі жарықты көретін едік,
— деп айтты да, сосын - Егер де арамыздағы біреу өз түйесіне мінгенде, күнді көретін еді», —
деп қосты (əл-Бухари 1955).
Шейхул-Ислам ибн Тəймийя былай деген: «Күннің шарасы толығымен жоғалған бойда, ауыз
бекіткен адам, көкжиекте қалған қызыл шапаққа көңіл бөлмей, оразасын тоқата беруі
қажет» (“Мəжму’ул-фатауа” 25/216).
Немесе мағриб (ақшам) намазына азан шақырған кезде-ақ ораза тұтушы адам ауызын
ашуы керек. Ал азаншының өзі туралы айтатын болсақ, онда ол намаз уақыттарын жəне
оларды анықтауды жақсы меңгеріп алуы тиіс, өйткені оның жауапкершілігі өте үлкен.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын): «Муәзіндер (азаншылар) –
бұл мұсылмандардың ифтары (ауызашары) мен суһурын (сәресін) қорғайтындар», —
деген (əт-Табарани. Хафиз əл-Хайсами, имам əс-Суюты жəне шейх əл-Әлбани хадисті хасан деп атаған. Қараңыз: «Сахих əл-жəми’» 6647).
Ауызашарға асығудың қажеттілігі жайында
Жоғарыда айтылған нəрселердің барлығы осы бөлімге де қатысты. Саһл ибн Са`дтан
жеткен хадисте сондай-ақ Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын)
былай деп айтқаны хабарланады: «Адамдар ауызашарларына асығып жүргендеріне дейін
игілікте болады» (əл-Бухари 1957, Муслим 1092).
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі
болсын) былай дегені айтылған: «Адамдар ауызашарларына асығып жүргендерінше дін
Сәресі (суһур) мен ауызашар
(ифтар) әдептері
5
ашық (айқын) болады, өйткені яһудилер мен христиандар оны кейінге қалдырады
(кешіктіреді)» (Әбу Дəуд, əн-Нəсаи, əл-Хаким. Хадис хасан. Қараңыз: «Сахих əл-жəми’» 7689).
`Амр ибн Мəймун былай деп баяндайтын: «Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі
мен сәлемі болсын) сахабалары ауызашарға басқалардан көбірек асығатын әрі суһурларын кейнге
қалдыратын» (`Абдур-Раззақ. Хафиз Ибн Абдул-Барр иснадын сахих деп атаған. Қараңыз: “Фатхул-Бəри” 4/199).
Егер ауызы берік адам ифтар жасау үшін ештеңе таппаса, кейбіреулер жасайтындай,
саусағын сорып отырмай, оразасын ниетімен тоқтатуы тиіс.
Немен әрі қалай ауыз ашу керек?
Сүннет бойынша ауызашарды жаңа піскен немесе құрғақ құрмалармен немесе сумен
бастаған абзал. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) былай деген:
«Сендерден біреу ауыз ашатын болса, құрмамен ауызын ашсын, ал егер ол құрманы
таба алмаса, онда сумен ифтар жасасын, өйткені, расында, ол тазартады» (Әбу Дəуд 2355, əт
Тирмизи 658, Ибн Мəджаһ 1699. Хадистің сенімділігін Әбу Хəтим, ‘Әбу Исə əт-Тирмизи, Ибн Хузəйма, Ибн Хиббəн, əл-Хəким, əз-Зəһаби растаған).
Ауызды мағриб (ақшам) намазына азан шақырылған бойда бірден, осы намазды
орындаудан бұрын ашу керек, мұны Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі
болсын) осылай істейтіні сияқты. Әнас ибн Мəлик былай деп баяндайтын: «Мен Аллаһ
Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сумен болса да ауызын
ашпастан ақшам намазын оқығанын ешқашан көрген емеспін» (Әбу Я’лə, Ибн Хузайма. Шейх əл-Әлбани
сенімділігін растаған. Қараңыз: “Сахих əт-тарғиб” 1076).
Ифтар (ауызашар) алдында Аллаһқа дұға ету керек
‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын)
былай дегені жеткізіледі: «Расында, ораза ұстаушының ауызашар алдында жасаған
дұғасы қайтарылмайды» (Ибн Мəжаһ 1753, əл-Хаким 1/422. Хафиз Ибн Хажар, əл-Бусайри жəне Ахмад Шакир хадистің сенімділігін
растаған).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) ауызын ашқан соң былай деп
айтатын еді: «Шөл басылды, тамырлар нәрге толды, Аллаһ қаласа, сауап та бізді күтіп
тұр» (Әбу Дəуд 2357, əл-Бəйһақи 4/239. Хадистің сенімділігін əд-Дəрақутни, əл-Хəким, əз-Зəһаби, əл-Әлбани деген имамамдар растаған). ذهب الظمأ وابتلت العروق وثبت االجر إن شاء هلل
ا
/Зәһаба ззома-у уәбталләтил-‘уруқ, уә сәбәтәл-әжру иншә-Аллаһ/.
Айтпақшы, бұл Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын)
ауызашар кезінде айтқан дұғасы туралы айтылған жалғыз сенімді хадис болып табылады.
Сәресі (суһур) мен ауызашар
(ифтар) әдептері
6
www.Toislam.ws сайтының редакциясы дайындаған.
Қазақ тіліне орыс тілінен аударған www.oraza.kz сайтының редакциясы.
Аударма мəтінін редакциялаған www.abuhanifa.kz сайтының редакциясы.