Articles

Намаз оқуыңа не кедергі?





ما يمنعك عن الصلاة؟





> қазақ тілі – Kazakh – كازاخي <





Әбу Салих Қазақстани





أبو صالح كازاخستاني





—™





Аударған:





Азамат Махыпбек ұлы





Тексерген:





«Исламға» сайтының басшылығы





ترجمة: أزامات ماخيبيك





toislam.com مراجعة: إدارة الموقع





Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.





Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.





WWW.TOISLAM.COM сайтынан Әбу Салих бауырымыздың таңдап, жинақтап әрі толықтырған баспа күйіндегі бір топ дәрістер жиынын қалың мұсылман жұртшылығы назарына ұсынамыз. Бауырымыздың осынау еңбегі үшін оған алғысымызды айтып, оған Аллаһ екі дүниеде де жақсылық беруін сұраймыз. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!





«Исламға» сайтының басшылығы.





WWW.TOISLAM.COM





Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.





Әлемдердің Раббысы Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын, әрі Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Алла тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!





Ұлы Аллаһ тағала мейірімін төгіп, кейбір бауырларымыздың ат салысуымен осыдан төрт жыл бұрын «Исламға» деген сайт ашылған болатын. Дыбыс күйдегі Ислам жайындағы мағлұматтардың көптігі - бұл сайттың құндылықтарының бірі болып табылатын. Алға қойылған негізгі мақсат – дініміз ең алғашында пайғамбарымыз Мұхаммедке e қалай түсірілген болса, қалың жұртшылыққа дінімізді тура сол қалпында жеткізу еді.





Бұл сайттағы лекциялар бүкіл жер бетіндегі орыс тілдес мұсылмандар арасында өте кең таралып кетті. Ізінше әртүрлі ұсыныстар, өтініштер, алғыс хаттар және әлемдердің Раббысы Аллаһқа шүкіршілік айтқан тақырыптағы хаттар келіп жатты.





Көбіне осы сайттағы лекцияларды жазбаша түрде шығару жөніндегі өтініштер келетін еді. Алайда, бауырларымыздың оқып өткен сайттағы лекциялары мен дәрістері дайындық ретінде шағын ғана қағаз бетіне түсірілгені болмаса, үлкен көлемде қағаз бетіне түсірілмеген болатын. Дәрістердің жазбаша түрін талап еткен хаттар легі толастамағаны үшін мен Аллаһтан жәрдем сұрап, иман келтірген бауырларымыздың өтінішін орындауға бел будым.





Менің атқарған істерім:





1) Дыбыс күйіндегі материялдардан дәрістер мен лекциялар стилінен алыстамай, тыңдаушыға қалай жеткізілген болса, тура сол қалпында баспаға шығару. Мағынаның дәл болуы үшін, сондай-ақ сөздерді қайталамау мақсатында кейбір жерлері сәл ғана қысқартылып, кейбір сөздері ауыстырылды.





2) Қысқаша толықтырулар мен түсініктемелер енгізілді.





3) Лекциялардағы аталып өткен аяттар мен хадистерге сілтеме жасалды. Хадистердің алынған жерінің бір-екеуін ғана атап өтумен шектелдім.





Бұл еңбегім тегін таратылып, жалпы осы атқарған ісімнің құқығы өзімде қалады.





Аллаһ тағаладан Оның есімдері мен сипаттары арқылы осы ісімді пайдалы етуін, әрі бұл еңбегім үшін үлкен сый беруін сұраймын. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын![1]





Әбу Салих.





Һижра жыл санағы бойынша зул-Хижжаның 8-і, 1426 жыл.





2006 жыл, 8 қаңтар.





Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.





Әлемдердің Раббысы Аллаһқа барлық мақтаулар мен мадақтар әрі Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!





Бұл үндеу-адамды өзінің иесі, әлемдердің Жаратушысы Аллаһқа қайтару мақсатында жазылған. Шын мәнінде біз мұсылманбыз, Раббымызды жақсы көреміз әрі басқалар да Оны жақсы көргенін қалаймыз емес пе? Әрине, кез-келген жаратылыс өзінің жаратушысын, бәлки барлық әлемдерді Жаратушы Аллаһты жақсы көруін қалаймыз. Егер де біз Жаратушы Иемізді жақсы көрсек, ол да бізді жақсы көрері анық. Кімді Аллаһ жақсы көрсе, онда оны тура жолға салады. Ал кімде-кім тура жолда болса, оны Аллаһ жәннәтқа кіргізері сөзсіз.





Бұл үндеу-құлшылықтардың ең абзалын тастап кеткен адамдарға арналады. Қолға қалам алуға себеп болған пасық жандарға бағытталған. Иә, достым, қателеспедің, менің бұл сөздерім саған бағытталған. Бізге міндеттеліп, жүктелген құлшылықты тастап кеткен сен емес пе едің? Намаз оқуды керек етпей, оны тастап кетуші ақымақ та сенің өзің.





Арақ пен шарап жетегіне кеткен мұсылмандарды көргенде, біз оған: «Бауырым, арақ ішпе!»-дейміз. Жартылай жалаңаш мұсылман қызды көргенде, оған: «Әпке, Аллаһқа сеніп, иман келтірген әйел затына бұл киім үлгісі жараспайды»-деп айтамыз.





Ал енді сен және сен сияқты намазды тастап, оқудан бас тартқандарды кезіктірсек өзімізге қалай тартамыз?! Сені қалай жақсы көре аламыз?! Сені қалай атасақ дұрыс болады?!





Арақ ішетін адамды мен «Мұсылман бауырым»-дей аламын, себебі оның бұл әрекеті үлкен күнә болып саналады. Дінге қайшы түрде киінген қыз баланы мен «Мұсылман әпкем, қарындасым»-дей аламын, себебі оның да бұл әрекеті тек күнә болып саналады. Ал енді, әй, намазды тастаған жан, сенің бұл ісіңді пайғамбар e «кәпірлік» деп атаса, мен сені қалай атайын?! Сені кім десем дұрыс болады?!





Мәселенің бәрі осында. Сені жақсы көре алмасам, саған қалай жақындауға болады, сені кім деп атасам дұрыс болады, міне осы?! Себебі сен сенімді құлдары үшін Аллаһтың дайындағанына тырыспайсың ғой. Баға жетпес сыйға асықпайтының рас қой.





Мүмкін сен маған: «Бұлай деуге қалай ғана дәтің барды?! Сен қателесесің! Мен Аллаһтың сыйын, ризалығы мен махаббатын қаламайды деп неге айтасың?»-дерсің. Мен саған: «Егер сен шынымен де Аллаһтың ризалығы мен оның сыйына тырысқан болсаң, неге Аллаһқа қарай ұмтылмайсың? Мешітке кіріп, намаз оқуыңа не кедергі?»-деп өзіңе сұрақ қоя жауап беремін.





Сен Аллаһты жақсы көретініңді айтып, өтірігіңді әлі айтып отырсың ба? Жақсы! Жаман ойдан аулақ бол бауырым, мен сені кекетіп, кемсіткім келіп тұрған жоқ. Бар болғаны сен не себепті намаз оқымайтыныңды білгім келіп тұр.





Сен өзіңе-өзің:





- «Мен не себепті намаз оқымаймын?»





- «Адамдар мешітке барып, құлшылық жасауға сәл болса да тырысып жатқанда, мен неге бармаймын?»





- «Адамдар арасында Аллаһтың азабынан қорқып, сәждеге бас ұратындар бар, ал мен неге ондай емеспін?»





- «Менің олардан қай жерім кем?» деп сұрақ қойып көрдің бе? Жоқ әлде сен өзіңді олардан жоғары санаймысың? Олардың бұл әрекетін «төмендік, артта қалушылық» деп санаймысың? Демек, сенің қолыңды кеудеңе қойып, Жаратушыңның алдына келіп, шынайы түрде жалбарынуыңа тәкаппарлық кедергі болғаны ғой. Жоқ, тәкаппарлық деген... Жо-жоқ! Аллаһ сені одан сақтасын деймін. Жоқ, Аллаһ тәкәппарлықты басқа жазбасын!





Немесе намаз оқымаушы әйелге қарап: «Әй, Аллаһтың күңі! Сен намазды тек ер адамдарға жүктелген деп ойлаймысың? Аллаһпен ант етемін, намаз ерлерге қалай жүктелсе әйелдерге де тура сол дәрежеде жүктелген. Намаз кез-келген адамның міндеті, әрбірінің мойнына жүктелген парыз. Орындамаған адам ері болсын, әйелі болсын тегіс сұраққа түседі»-деймін.





Ей, намаз оқымаушы, бері қара да ренжіме. Мен сенің ашуланғаныңды емес, керісінше, бар болғаны жәннат бақтарына бірге жетуімізді қалаймын. Әлде сен жәннатты керек етпейсің бе...?





Намаз оқуды көптеген жандар, тіпті Исламға жақындығы жоқтар да қалап, аңсайтынын хабарлағым келеді саған. Аллаһ сені мұсылман еткенін көріп, олар саған қызғанышпен қарайды. Бұны Аллаһтың өзі баяндап, Қасиетті Құранда:





} رُّبَمَا يَوَدُّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْ كَانُوا مُسْلِمِينَ 





«Кәпір болғандар әлі мұсылман болуды қалайды»[2]-деген. Аллаһ саған бес уақыт намазды жүктегенін де қызғанады, себебі намаз себебімен дінге кіргендер көптеп кездеседі емес пе?! Рено есімді франсуз: «Әрдайым мешітке кіргенімде, мені бір ұнамды сезім құрсап алатын»-дейді. Басқаша айтсақ, өзінің мұсылман еместігі оны таңқалдыратын. Ал енді сен мұсылман бола тұра Аллаһтың үйіне кіруге аяғың баспай ма? Бұлай жасаудан тартынамысың? Намаз оқығың келмей ме? Әлі күнге шейін намаз оқымауыңа не себеп? Маған ашылып, сырыңды айтшы, Аллаһпен ант етейін, сенің сөзіңді соңына дейін тыңдап, сенің қиыншылығыңды түсінуге тырысамын. Тек не үшін намаз оқымайтыныңа жауап берші. Мүмкін бірігіп шешімін табармыз.





Томас Арнольд есімді біреу жайында да айтып берейін. Бірде ол: «Мұсылмандармен алғаш кездескен адам таң қалып, тіпті қатты әсер алуы мүмкін. Шынымен де, қай жерде болсын, жай жолда ма, жоқ темір жол платформасында ма, жоқ жайылымды алқапта ма, нақты белгіленген уақыты келгенде сол адам барлық жұмысын тастап, асықпай намазына кірісетіні көкейде ризашылық тудырады»-деген.





Ал сен Мысырдағы яһудилер қоғамының ақсақалы Зәкки Ғариб жайында естуің бар ма? Ол: «Мен неге Ислам қабылдамадым?»-деген сұрақты өзіме әркез қоямын. Бұл менің мазамды алып, тыныштығымды кетірген сауал. Ауылшаруашылық плантацияларында адамдар жаппай намаз оқуға кіріскенде бұл сұрақ менің мазамды алып, «Олар жасап жатқанындай мен де намаз оқып көрсем бе екен?» деген ой туатын. Аллаһқа мадақ, бұл мені Исламға әкелді. Алайда бұл менің намаздан алпыс бес жыл бойы алыс болғанымнан кейін келді»-деген.





Намаз оқуға деген құлшынысы зор бола тұра ол Исламды алпыс бес жасында қабылдаған. Мен мұны не үшін айтып тұрғанымды түсінемісің? Яһудилер мен христиандар біздің намазымызды қалайтынын білесің ғой, ал өзің мұсылман бола тұра оны тастайсың ба? Қолда бар алтынның қадірі жоқ деген осы ғой, сірә! Мұсылманның санын толтырып, сапасына нұқсан келтіріп жүргеніңе ұялмайсың ба? Аллаһ сенің Исламыңды алып қояды деп еш қорықпаймысың? Мен сен үшін алаңдаймын. Тезірек тұр, Жаратушың Аллаһқа құлшылық жасап, намаз оқуға асық!





Мүмкін дұрыс ойлап таптым дегендей: «Достым, менің жұмысым бар. Ақша табу керек. Намаз оқуға қолым тимей жүр»-дегендей жаңа сылтау таптың ба? Бұл сенің сылтауың ба? Бұл сөзің шындыққа еш жанаспайды емес пе? Аллаһтың елшісі e не дегенін тыңдап көрші. Ол кісі e: «Алла тағала: «Шын мәнінде біз мал-мүлікті намаз оқылып, зекеті төлену үшін түсірдік»-деді»[3]-дейді. Сенің ақша табуыңа себеп болатын жұмысың саған не үшін берілгені түсінікті болды ма? Ол дүниеңді Аллаһ намазды орындап, зекетін төлеу үшін берген. Аллаһ мейірімі арқасында жұмыс жасап, намаз оқымай жүрсең, ертең бұл өзіңе қарсы болатыны анық қой. Сәл болса да ой жүгіртсең болмай ма?





Сонда да қолыңның бос еместігін айтасың ба? Уақытың жоқ па? Намаз себебінен ақшаң мен мал-мүлкіңді жоғалтып аламын деп қорқасың ба? Бұлай жасауың керісінше сені шығынға әкеледі. Діни міндеттемелерден алаңдатып, қолдарын мал-мүлік пен жұмыс құрсаған адамдарға Аллаһтың не дегенін байқап қарашы. Олар төмендегі аятта мысал етілген адамдар тобына кіреді:





{ وَالْآخِرَة خَيْرٌ وَأَبْقَى  بَلْ تُؤْثِرُونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا 





«Жоқ, сендер дүние өмірін жоғары қоясыңдар. Негізінен ақырет жақсырақ әрі мәңгі»[4]-деген. Сондай-ақ тағы бір аятта:





} إِنَّ هَؤُلَاء يُحِبُّونَ الْعَاجِلَة وَيَذَرُونَ وَرَاءهُم يَوْمًا ثَقِيلًا 





«Әлбетте, бұлар жақын өмірді сүйеді және ауыр күнді артқа тастайды»[5]-деген. Ал сен пайғамбарымыздың e мына хадисін естідің бе? Пайғамбарымыз e Аллаһ тағаланың сөзін жеткізіп: «Ей, адам, маған құлшылық қылуға уақыт бөл. Мен сенің жүрегіңді байлыққа толтырып, сені кедейліктен сақтаймын. Ал егер бұны жасамасаң, жұмысыңды көбейтемін де сені кедейліктен құтқармаймын»[6]-деген. Естідің бе?! Аллаһ тағала мен оның елшісі e ешқашан жалған айтпайды. Шын мәнінде ризықты үлестіруші ол Аллаһ. Ақша мен байлықты өзі қалай берсе, тура солай алып қоя алады. Келісемісің?





Осындайдан кейін де намаз оқымайтындарға таңым бар! Кейде бір дүңгіршектегі сатушы немесе фабрикада істеуші адамға: «Бауырым, намаз уақыты келіп қалды, жүр, намаз оқып қайтайық»-десең, ол тараптан: «Жұмыс деген құлшылық қой»-дегендей жағымсыз әрі пасық сылтау естисің. Парыз етіліп, мойынға жүктелгеннен алаңдататын жұмыс құлшылық бола ала ма?! Бұл қандай құлшылық?!





Әй, намазға салғырт қараушы жан! Егер де сен жұмысқа бола намазды тастап: «Дүңгіршегімді жауып намазға барсам елу тиынымды ала алмай шығынға ұшыраймын»-деп қорықсаң, сөзсіз осы дүниемен мастанып қалған үлкен шығындағы адамға айналасың. Себебі бұл парыз сау тұрмақ ауру адамның да мойнынан түспейді. Ауру адамға жүктелген болса, сау болып жұмыс істеп жүрген адам сұралмай қайда бармақ?





Мүмкін сен дәретті қалай алатынын білмей, бұл сені ұялтып, саған қиындық тудыратын шығар! Жоқ әлде дәрет алуды білесің, алайда бес уақыт намаз сайын намазға бола аяқ киіміңді шешу қиындық тудыратын шығар. Біле-білсең, бұдан да қиын жағдайлар болады. Сен болсаң бір аяқ киімге бола бас қатырасың ба?! Егер де бұл қиын болса, онда аяқ киіміңді шешпей-ақ оқы[7]. Тек таза дәретті болсаң жеткілікті.





Дәретті қалай алу керектігін білесің бе? Білмеймісің? Ондай болса мұқият тыңдап, ұғып ал: Қолыңды білезігіңе дейін үш мәрте жу.[8] Сумен аузыңды шайып, одан кейін мұрныңды да тазала.[9] Одан кейін бетіңді жу. Бет жуу дегенде маңдайыңның шаш басталатын жерінен бастап иектің астына дейінгі аралық және екі құлақ аралығы меңзеледі. Бетіңді жудың ба? Бәрекелді! Енді оң қолыңнан бастап[10] екі қолыңды кезек-кезек шынтағыңа дейін үш реттен[11] жуып, тазалап шық. Шынтағыңды қоса жу. Содан кейін қолыңды сулап алып, сулы алақаныңмен алға, артқа[12] бір мәрте басыңды сүртіп шық.[13] Сосын сулы қолыңмен бір рет құлағыңның іші-сыртын сүртіп, тазала.[14] Осыдан соң аяғыңды тобығыңа дейін үш реттен жуып шық.[15] Қолдарың мен аяқтырыңды жуғанда жуылу керек деген жерден асырып жусаң тіпті жақсы болар еді.[16] Осыдан кейін сен үшін Жәннаттың сегіз есігін айқара ашып беретін мына сөздерді айт:





أَشْهَدُ أَن لا إِلَهَ إِلَّا اللهُ وَحْدَهُ لا شَرِيكَ لَه ُ





وَ أشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّداً عَبْدُهُ و َ رَسُولُهُ





/Әшһәду әллә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәриикә ләһу.





Уә әшһәду әннә Мухәммәдән ғабдуһу уә рәсуулуһу/





«Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ екеніне, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін»[17]





Жуынып, тазаланып алдың ба? Ондай болса аяқ киіміңді ки де келесі намаздарда шешуге ерінсең, аяқ киіміңді шешпей-ақ намазға кіріс. Біреу тұрып: «Жо-жоқ! Мәселе аяқ киімде емес. Сол да сөз болып па? Мен намаз оқығым-ақ келеді, алайда мен үшін намаз ауыр ма деймін!»-деп қиынсынуы мүмкін.





Намаз-еш қиындығы жоқ, жеңіл құлшылық. Бұл шыдай алмайтындай ауру емес, алайда оны оқымау-кез-келген аурудан өтіп кетерлік қиын әрі жаман азапқа әкеп соғады.





Оған намазды ауыр қылып көрсететін нәрсе-Аллаһтан алыстататын күнәлар ғана. Сол үшін де намазға кірісіп, сәждеге бас қойғанда Ұлы Аллаһтан жәрдем мен қиындықтан босатуды сұрап жалбарын да, жылап жібер... Иә, шын жүректен жылап жібер. Көз жасы деген таптырмас байлық әрі Аллаһ оны бағалайды. Сол үшін де Раббыңа жалбарынғанда көз жасыңмен жалбарын. Сонда намаз да сен үшін жеңіл болады.



Recent Posts

نېمە ئۈچۈن ئىسلام دى ...

نېمە ئۈچۈن ئىسلام دىنى يالغۇز بىر ئاللاھقىلا ئىبادەت قىلىشقا چاقىرىدۇ

رەسۇلۇللاھنىڭ ئاللاھ ...

رەسۇلۇللاھنىڭ ئاللاھ دەرگاھىدىكى ئۆرنى ۋە شان-شەرىپى

مۇھەممەد ئەلەيھىسسال ...

مۇھەممەد ئەلەيھىسسالام ئىنسانىيەتكە رەھمەتتۇر

خاتىرجەملىك بۈيۈك نېم ...

خاتىرجەملىك بۈيۈك نېمەتتۇر