Articles

Қыз-келіншектерге ас үйге байланысты кеңестер


Әйел – шаңырақтың ұйытқысы, берекесі, отбасының жылуы. Әйел – жарының көмекшісі, қолдаушысы, киімі, иманының жартысы. Әйел – балаларының қамқоршысы, тәрбиешісі, үлгілі тұлға. Оның жарының разылығы үшін жасаған әрбір амалы – құлшылық. Ал ерлер қауымының тазалықты, тиянақтылықты, сұлулықты, жинақылықты ұнататындығы жасырын емес. Тіпті, үйге қонақ келгенде әйел ең алдымен қазан мен шәйнек арқылы танылмай ма? Сол себепті, бүгінгі жазбамызды отбасы мүшелерінің «асқазан күзетшісі» болған қыз-келіншектерге, әпке-жеңгелерге арнағымыз келіп отыр. Төмендегі үй шаруасына байланысты ұсынылатын кеңестерді ниетіңізді түзеу арқылы амалға асыратын болсаңыз – Алла разылығына жетуге болатын құлшылыққа айналмақ. Іске сәт! 1. Асхана дегенде ең алдымен «халал» және «харам» деген ұғымдар еске түседі емес пе? Алла Тағала «Мәида» сүресінің 88-аятында: «Алланың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер» дейді. Сол себепті, отбасыңызға ұсынатын тағамдарыңыздың халал болуын барынша қадағалаңыз. Себебі, құлшылықтың қабыл болуы үшін жейтін ризығымыздың адал болуы талап етіледі. Халал ас – тек қана Алланың атымен сойылған малдың еті ғана емес, ол адал еңбекпен табылуы қажет. Дәрет алынып, «Бисмилләһ»-пен бастап және жасалу барысында өсек-аяннан алыс болу сүннетке сай екендігін ескерейік. «Біз сендерге ризық етіп бергеннің жақсыларын жеңдер. Әрі онда шектен шықпаңдар. Әйтпесе, сендерге қаһарым түседі. Ал кімге Менің ашуым түссе, ол сөзсіз құрыды» («Та Һа» сүресі, 20-аят). Бұл да ас үйдегі әйелдің амал жасауы талап етілетін аят саналады.


2. «Жеңдер, ішіңдер әрі ысырап етпеңдер. Ақиқатында, Ол ысырап


етушілерді жақсы көрмейді». («Аъраф» сүресі, 31-аят).


Ысырапшылдар – шайтанның достары. Яғни, тағамды үнемді


пайдалану да – сіздің міндетіңізге жүктеледі. Тіпті қонақ


шақырғанның өзінде жарыңызбен ақылдасып, келетін


қонақтардың санын алдын-ала анықтап болғаннан кейін ғана


азық-түлік алған жөн. Ал күнделікті тағамға қажетті азық-түлікті


үнемдеудің бір жолы – алдағы 10 күнде жасайтын


тағамдарыңыздың кестесін құру.


3. Ас-үйде өздеріңізден артылатын жақсы тағамдар болса міскін


адамдарды тамақтандыруды ұмытпаған да дұрыс. Бұл амал –


шүкірлікті оятапы, ризық-несібенің артуына себеп болады.


4. Ас үйдегі немесе шәй ішетін бөлмеге тамақтанар алдындағы және


кейінгі дұғаларды тиянақтылықпен жазып, көрінетін, ыңғайлы


жерге жабыстырып қойыңыз. Балаларыңыз да, үйге келген


қонақтар да дұғаны ұмытпай айтып жүретін болады. Пайғамбар


(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құп көрген, кеңес


берген, ғылым мақтаған азық-түліктерге дастарханнан орын


беріңіз. Сіз де бұл тағамдарды пайдаланатын болсаңыз, Алла


қаласа, сауаптар жазылады әрі онда береке бар.


5. Хадиске сай, кешке аузы ашық ыдыстарды жауып жүріңіз. Аузы


жабылмайтын ыдысқа зат салсаңыз, үстіне қолыңызды


қойып, «Бисмилләһ» деп айтыңыз.


6. Түрлі дәмді тағамдарды, жарыңыздың сүйікті асын жасауды


үйреніңіз. Күн сайынғы асты оның қалауын сұрау арқылы


жасауды әдетке айналдырған жөн. Оның уақытылы тамақтануын,


уақытылы ұйықтауын қадағалаңыз.


7. «Тазалық – иманның жартысы». Және шайтанның лас жерлерде


тұрақтайтыны да белгілі. Сондықтан, асхана тазалығын барынша


күзетуге тырысып бағыңыз. Бұл – жұмыстан шаршап келген


күйеуіңіздің көңіл-күйіне әсер етеді.


8. Қазір ғаламтор беттерінен түрлі тағамдардың дайындалу жолын


үйренуге болады. Жарыңызды күн сайын таңғалдырудан


жалықпаңыз. Және ол сүйсініп жеген тағамның мәзірін құпияда


ұстаған жөн. Ол сонда тағамның жасалу жолын сіздің ғана


білетіндігіңізге және сізден артық ешкімнің дайындай


алмайтындығына сенетін болады.


9. Қызыңызды асханаға жақын ұстаңыз. «Анаға қарап қыз өсер,


әкеге қарап ұл өсер» демей ме? Оның жастайынан сіздің


жаныңызда болып, ас үйдің қыр-сырын меңгергені – пайдалы


болмаса, зиян емес.


10. Сүннет бойынша сынық ыдыспен ас ішілмейтіндіктен,


зақымдалған ыдыстардан арылыңыз.


11. Ас үйде гүл өсіру – денсаулыққа да пайдалы әрі адамдарға оң


әсер береді. Гүл күтіміне байланысты мынадай кеңес келтіргіміз


келеді: Үйді жинастырғанда, бөлме өсімдіктерінің тазалығын да


міндетті түрде ойластыру қажет. Легенге жылы су құйып, сабын,


губка немесе жұмсақ шүберек, жұмсақ щетка (тіс тазалайтын


щетка да болады) дайындаңыз. Қабықты, әсіресе, қатпарлы


жапырақты өсімдіктерден алдымен шаңды құрғақ щеткамен


тазартыңыз (кактусты щеткамен тазарту керек). Құмыраны


легенге қойып, жылы сумен өсімдікті жуыңыз. Содан соң таза


суық сумен шайыңыз. Сабынды көбіктің топыраққа түсуіне жол


бермеңіз, өсімдіктердің тамыры сабынды көтере алмайды.


Айтпақшы, ет жуған су – үйде өсетін гүлдерге жақсы тыңайтқыш


болады. Үнемшілдік деген осы емес пе?


12. Шай демдейтін құманға қайнаған су құймай тұрып, бір шақпақ


қант салсаңыз, шайыңыз хош иісті әрі қою болады.


13. Егер ұн тұрған шкафта ылғал барын байқасаңыз, бірнеше


құрғақ лавр жапырағын салыңыз. Олар ылғалды жақсы сорып


алады.


14. Ыдыс түбінде пайда болатын шай мен кофе дақтары сірке суы


қосылған сода ерітіндісімен суланған шүберекпен оңай


тазартылады. Ыдыс айнадай жарқырап шыға келеді.


15. Пайдаланылған пышақтар, қасықтар мен шанышқылар


қарайып кетсе, оларды картоп пісірілген суға салып, бірнеше


минутқа қалдырыңыз. Сүрткеннен кейін, бұрынғысындай


жалтырап шыға келеді.


16. Фарфор ыдыс тұзды суда жуған жақсы (1 литрге 3 ас қасық).


Мұндай ыдыстар қою шай дағынан содамен де дұрыс


тазартылады.


17. Дастарханның қайырылған жері сынбасын десеңіз, іш жағына


лейкопластырь жапсырып қою керек.


18. Тоңазытқыштың мұзын ерітіп, суын төккеннен кейін жылы


суға ас содасын қосып жуып, іші әбден құрғағанша бір-екі сағат


ашып қойған жөн. Сонда оған қойған тағамдар иістенбейді.


19. Жарыңыздың жұмысына күн сайын тамақ салып беріп жүрген


болсаңыз, сізде герметикалық ыдыстар бар. Босап қалған


жағдайда олардың ішінде жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін.


Одан сақтану үшін контейнерге кішкене ғана тұз сеуіп қойыңыз.


20. Жұмыртқаны ұзаққа сақтаудың сыры бар екен. Үшкір


жағымен төмен сақталғанда жұмыртқа тоңазытқышта әлдеқайда


ұзағырақ сақталатыны байқалған.


21. Жұмыртқаның жарамдылығын тексеру үшін, оны 10 см су


құйылған ыдысқа салыңыз. Жұмыртқа батып тұрса, ол әлі біраз


сақтала алады. Жұмыртқа сәл қалқып, төбесі судың бетінен


шығып тұрған жағдайда, жұмыртқаны тез арада қолдануыңыз


керек. Ал судың бетіне қалқып шыққан жұмыртқаны қоқысқа


тастаңыз.


22. Сорпаға тым көп тұз салып қойған жағдайда, оған бір ашылған


картопты қосыңыз. Картоп артық тұзды өзіне сіңіріп алады.


23. Мандарин қабығын тұзға батырып, онан соң қола ыдыстарды


сүртсеңіз май дағы оңай кетеді.


24. Ағаштан жасалған жабдықтарды немесе дастархан бетін таза


суға азырақ сірке суық қосып сүртсеңіз май дағы оңай кетеді.


25. Бірнеше қолданылған шай қалташаларын ыдысқа салып,


тоңазытқышқа қойыңыз. Шай қалташалары тоңазытқыштағы


жағымсыз иістерді өздеріне сіңіріп, ауаны тазартады.


26. Қасық, шанышқы мен пышақтарды бананның қабығының ішкі


жағымен бір сүртіп шығыңыз. Артынан құрғақ орамалмен


сүртіңіз. Қасықтарыңыз жарқырай түседі.


27. Суға лимон шырынын қоссаңыз, қабықсыз пісірілген


картоптың түсі ағара бастайды.


28. Көкөністерді асатын болсаңыз, үстіне екі қасық қант қосып


жіберіңіз.


29. Ас үйдегі жағымсыз иісті кетіру үшін апельсин немесе


лимонның қабығын оттықпен күйдіріңіз.


30. Шикі көкіністерді ұзақ сақтау үшін оларды дымқыл сүлгіге


орап қойған жөн.


31. Нанның көгермегенін қаласаңыз, жабық ыдысқа салып,


жанына алма немесе картоп қойыңыз. Нан салғышты апта сайын


сабынмен жуып, ішін 1/3 бөлік су араласқан сірке суымен


сүртіңіз. Ақ нан мен қара нанды қатар қоймағаныңыз абзал.


32. Лимонды сыққан кезде шырыны көбірек шықсын десеңіз,


алдын ала 5 минутқа ыстық суға салып қойыңыз.


Иә, ел арасында «Еркектердің жүрегін асқазан арқылы жаулауға


болады» деген ұғымқалыптасқан. Алайда, бұл – бір күнді асхана


ішінде өткізу керек деген сөз емес. Исламда уақыт аса жоғары


бағаланады. Сондықтан да, ас үйде өткізетін уақытыңызды


шектеп, арнайы кесте қойып алғаныңыз жөн. Кешкісін жарыңыз


үйге келгенде оның тәнін ғана емес, рухын да


қанағаттандыратын, иманын күшейтетін көркем насихат айту


керек емессіз бе? Білім ізденуге уақыт табыңыз. Кешкі аста


жарыңызға ең қызықты, ең әсерлі оқиғаларды айтуға


дағдыланыңыз. Суфьян ас-Саури: «Адамдарға білім беруден


артық құлшылықты білмеймін» десе, Әбу ад-Дарда: «Алла


бақыттыларды біліммен нұрландырады, ал бақытсыздардан алып


қояды» деген. Сондықтан, отбасыңызды сақтаудың жолы – дәмді


тағам ғана емес, білім және оған дұрыс жасалған амал екендігін


естен шығармаған абзал.



Recent Posts

ئىسلام دىنى ‫ئىنساننى ...

ئىسلام دىنى ‫ئىنساننىڭ تۇغما تەبىئىتى، ئەقىل-ئىدراكى ۋە بەخت-سائادىتىگە ئۇيغۇن دىندۇر

اسلام ‫فطرت، عقل و حک ...

اسلام ‫فطرت، عقل و حکمت اور سعادت کا مذہب

জৈবিক বিবর্তন - একটি ...

জৈবিক বিবর্তন - একটি ইসলামিক পারস-পেকশন

İslam, Allahın göndər ...

İslam, Allahın göndərdiyi elçilərin dinidir