Ұят — иманнан
Расында ислам діні мұсылмандарды ең жоғары мінез-құлыққа шақырады және кез
келген жаман қылықтардан қайтарады. Пайғамбарымыз саллаЛлаху алейхи уа саллям ӛте
кӛркем мінезді еді. Мінезінің жақсы болғаны себепті қаншама дінге жау болып жүрген
адамдар аяғында оның ардақты сахабаларына айналды. Аллаһ Тағала ӛзінің елшісін
мадақтап, қияметке дейін оқылатын:
«Расында сен өте ұлы мінез құлықтысың»-деген аят түсірді.
Айша анамыз пайғамбарымыздың саллаЛлаху алейхи уа саллям мінезі қандай еді?-
деп сұралғанда: «Оның мінезі құран еді»-деп жауап берген.
Пайғамбарымыздың саллаЛлаху алейхи уа саллям шақырған жақсы мінездерінің бірі—
ұялу.
Абу Масғуд Ұқбата Ибн Амр Әл-Ансари Әл-Бадри пайғамбарымыз саллаЛлаху алейхи
уа саллям былай деп айтты дейді: «Адамдарға алдыңғы пайғамбарлықтан жеткен сөз:
«Егер ұялмасаң қалағыныңды істе»-дейді. (хадисті имам Бухари жеткізген)
Ғұламалар бұл хадис екі түрлі мағынаны білдіреді деген.
«Егер ұялмасаң қалағыныңды істе»-дегені:
1- «Егер сенде ұятың болмаса, онда қалаған нәрсеңді істейсің»-деген мағынаны.
2- «Егер ол іс ұятты істерге жатпаса, онда оны істей бер»-деген мағынаны білдіреді.
Бірінші мағынасына келер болсақ: «Егер сенде ұятың болмаса, онда қалаған нәрсеңді
істейсің»-деді. Яғни ол іс егер ұятсыздық іске жатса да, ұятсыздық іске жатпайтын болса
да. Ӛйткені ұяты болмаған адам ондай нәрсеге кӛңіл бӛлмейді, ӛйткені оның ұяты жоқ. Ал
ұяты бар адам ұятсыздық істі істеуге бармайды. Ӛйткені ол: «Ұят болады»-дейді. Осы бір
ауыз сӛз: «Ұят болады»-деуі оны қаншама жаман істерден аман алып қалады. Оның дінінде,
дүниесінде және абыройында. Ӛйткені ұят ӛте пайдалы, ӛте жақсы мінез құлыққа жатады.
Ұяттың дәрежесінің биік болғандығы үшін пайғамбарымыз оны иманға жатқызды.
Хадисте:
«Ұят иманның тармақтарының бірі»-деді.
Сондықтан ұяты болған адамның иманы толық болады. Ал ұяты болмаған адамның
иманы кем болады. Ӛйткені ұяты бар адамның жақсы амалдары кӛп болады да, жаман
амалдары аз болады. Бұған себеп — ол адамның ұятты болғаны. Ӛйткені ұят тек жақсы,
пайдалы нәрселердің туындауына себеп болады. Сахих Бухарий мен Муслимде Имран Ибн
Хусийннен келген хадисте пайғамдарымыз саллаЛлаху алейхи уа саллям айтады:
Ұят — иманнан
2
«Ұят тек жақсы нәрсені әкеледі»-дейді.
Имам Муслимнің риуаятында:
«Ұяттың барлығы жақсы» - деген.
Сондай-ақ Имам Ахмад және Ән-Насай Әл-Ашажжи Әль-Асриден жеткізген хадисте ол
кісі:«Маған Аллаһтың елшісі саллаЛлаху алейхи уа саллям: «Расында сенде Аллаһ Тағала
оларды жақсы көретін екі түрлі мінез-құлық бар»-деп айтты. Сонда мен оған: «Олар
нелер?»- деп сұрадым дейді. ПайғамбарымызсаллаЛлаху алейхи уа саллям:«Олар
жұмсақтық және ұят»-деді. Мен:«Олар бұрыннан бар ма, әлде жаңадан ба?»- деп айттым
дейді. Яғни: Аллаһ Тағала мені әуелден осы екі мінезбен жаратты ма, әлде мен ӛзім оларға
үйрендім бе?-дегені. Пайғамбарымыз саллаЛлаху алейхи уа саллям ол кісінің
сұрағына: «Олар бұрыннан бар»-деп жауап береді. Сонда әлгі сахаба қуанғанынан: «Мені
ӛзі жақсы кӛретін құлықтарға жаратқан Аллаһқа мадақтар болсын!»-дейді.
Ұяты бар адамның иманы толық болады, және оның жақсы амлдары да кӛп болады
дедік. Ӛйткені адам Аллаһ Тағаладан ұялса, оның бұйырғандарын мүлтіксіз орындауға
тырысады. Және оның қайтарған және тыйған істерінен шама келгенше сақтанады. Ұмар
Ибн Хаттаб:
«Кім ұялса жасырынады, кім жасырынса тақуалық қылады, ал кім тақуалық
қылса сақтанылады»-дейді.
Әль-Жарах ибн Абдулла Әль-Хәкәми былай дейді:
«Күнәләрды ұялғанымнан қырық жыл тастадым, кейін менде сақтық пайда болды».
Сол-сияқты адам егер Аллаһтан ұялса адамдардан да ұялады. Олардың ӛзіне сеніп
тапсырған істерін орындауға тырысады және оларға бір зиян тигізуден не басқа да
жағымсыз істерден сақтанды.
Ал ұяты жоқ адам болса, ол не Аллаһтан ұялмайды, не адамдардан ұялмайды. Ұяты
болмағаннан кейін ол Аллаһтың бұйырғанын істемейді де, қайтарғанын істей береді. Сол
сияқты адамдарды да құрметтемейді; үлкенді үлкен демейді, кішіні кіші демейді. Ӛйткені
оның ұяты жоқ және иманы әлсіз. Ұяттан арылғанның салдарынан қаншама жақсы
нәрселерден айырылады. Оның иманы әлсіз болғаннан кейін шайтанның азғыруына ілігіп,
қараны ақ, ақты қара дейтін болады. Ұятты нәрсені ұятты емес, ұятты емес нәрсені ұятты
дейтін болады. Аллаһ Тағала баршамызды бұндай қорлықтан сақтасын!
Хадистегі: «Егер ұялмсаң қалаған нәрсеңді істе»-деген сӛз ықтиярды білдіре ме,
әлде жоқ па? Мысалы, егер біреу: «Ұялмасам қалағанымды істеймін, ал ұялсам істемеймін,
ӛйткені хадисте солай делінген»- десе дұрыс бола ма, жоқ па?
Оған жауап: Бұл қате түсінік. Хадистің мағынасы ықтиярды емес, бәлкім ескерту,
қауіптендіру және қорқытуды білдіреді. Бұл хадис құрандағы:
فليكفر} شاء من و فليؤمن شاء {فم
ن
«Кім қаласа иман келтірсін, кім қаласа кәпір болсын!»[1]-деген аят сияқты.
Аяттың мағынасы егер қаласаң күпірлік қыла бер дегенді білдірмейді. Ӛйткені
аяттың басында Аллаһ Тағала пайғамбарымыз Мұхаммедке саллаЛлаху алейхи уа
саллям айтады:
Ұят — иманнан
«Оларға:(Мен сендерге әкелген нәрсе) ол Аллаһ тарапынан болған ақиқат-деп
айт».
Яғни ақиқат және тура жол бұрыс жолдан анықталды, жәннәт иелерімен тозақ
иелерінің амалдары мен сипаттарын Аллаһ Тағала пайғамбары арқылы баяндап жеткізді.
Ешқандай белгісіз нәрсе қалған жоқ. Енді осыдан кейін :
«Кім қаласа иман келтірсін ал кім қаласа кәпір болсын»-деді.
Демек бұл жерде адам ӛз қалауымен күпірлікке баратыны айтылған, бірақ ол оған
рұқсат етіледі деген сӛз емес. Бәлкім тура жол анықталғаннан соң кім күпірлік қылса, ол
үшін қатты азап бар дегенді білдіреді. Сол сияқты хадистегі қалаған нәрсеңді істей бер
дегені де осындай мағынада айтылған.
Хадисің екінші мағынасына келер болсақ: «Егер ол іс ұятты істерге жатпаса онда оны
істей бер»-деген мағынаны білдіреді. Яғни, егер ол ұятты іс болмаса оны істеу мубах
болады.
Бірінші мағына істейтін адамға байланысты, екінші мағынасы істелінетін іске қатысты.
Хадистен туындайтын мәселелер
1) Бұрынғы үметтерден қалған нәрселер үш түрге бӛлінеді:
1-Біздің шариғатымызда оның дұрыс екенін білсек, оны қабылдаймыз.
2-Шариғаттымызда ол дұрыс емес болса оны қабылдамаймыз.
3-Шариғатта оның дұрыс екені де, не қате екені де айтылмаса, ондай жағдайда оны дұрыс
деп те, бұрыс деп те айтпаймыз. Ӛйткені егер оны дұрыс десек, ол қате болуы мүмкін, ал
қате десек ол дұрыс болуы мүмкін болғандықтан, әділдікті сақтау үшін дұрыс деп те, бұрыс
деп те айтпаймыз.
2)Ұяттың барлығы жақсы екені белгілі, бірақ қай кезде ұялу дұрыс болмайды?
Ұялу екі түрлі жағдайда дұрыс болмайды:
1- Уәжіп нәрсені істеуден қайтарса.
2- Харам нәрсеге апарса.
Біріншінің мысалы: Егер мункарды[2] қайтару уәжіп болып тұрып, оны қайтарудан ұялса,
бұл дұрыс емес.
Екіншінің мысалы: Егер бір адамдармен болған кезде, ол адамдар бір харам істі істесе,
және ол сол жерден тұрып кетуге ұялса, немесе оны істеуден бастартудан ұялып оларға
қосылып сол істі істесе, бұндай жағдайда ұялу адамға пайда бермейді, бәлкім оған зиян
тигізеді.
Хадистен алынатын пайдалар
1- Бұрынғы үметтерден кейбір нәрселер біздің үмметке дейін қалуы мүмкін.
2- Бұрынғы үметтерден қалған нәрселер бізге үш түрлі жолмен жетуі мүмкін:
1- Құран, уахи арқылы.
2- Хадистер арқылы
3- Адамдардың бір-біріне жеткізген хабарлары арқылы.
3- «Егер ұялмасаң қалағаныңды істе»-деген сӛздің біздің үметке дейін қалу себебі, ӛйткені
бұл сӛз барлық жақсы мінез құлыққа жетелейтін болғандықтан үмметтен үмметке қалып,
бізге дейін жеткен.
4- Хадистің бірінші не екінші мағынасында болсын, ұяттың мақтаулы, жақсы мінез құлық
екендігі.
5- Ұяттың түрлері: 1) Аллаһтан ұялу.
2)Адамдардан ұялу.
Аллаһтан ұялу қалай болады?
Ұят — иманнан
4
1) Қайтарған нәрсесін істесем Аллаһ мен кӛреді ғой деп ұялу.
2)Бұйырған нәрсесін істемей жатсам оны Аллаһ біледі ғой деп ұялу.
Ал адамдардан ұялу — барлық ұятты болып саналатын істерден ұзақ болу.
6 -Ұяттың пайда болу түрлері:
1)Адамның ұялшақ болып жаралуы. Бұл оған Аллаһтың нәсіп еткен үлкен
нығметтеріне жатады.
2) Адамның ӛзін-ӛзі ұятты болуға үйретуі. Ол қалай болады?
1- Аллаһ Тағаланы танумен.
2- Оның ұлыққтығын сезінумен.
3- Аллаһтың пендеге ӛте жақын екенін білумен.
4-Аллаһ Тағала пенденің барлық жағдайын білетінін, кӛзінің ұрланып харамға
қарағанын әрі кӛкіректегі жасырынған сырдың барлығын білетіндігін сезінумен болады.
7- Егер іс ұятты істерге жатпаса, оны істеуге болады.
8-Бұл хадисте адасқан жәбрия[3] тобына қарсы дәлел бар. Ӛйткені хадисте адамның ӛз
қалауы бар екендігі айтылған.
*****
Аллаһ Тағала баршамызды Исламның кӛрсеткен жоғары мінез-құлықтармен
сипатталуымызды нәсіп етсін! Әмин!
Дайындаған: Сабиев Талғат/Бурабай.
[1] Кәһф.29
[2] Тыйым салынған іс.
[3] Жәбрия: адасқан топтың бірі. Олар: адам кез-келген істі ӛз қалауымен істемейді,
бәлкім оны істеуге оны Аллаһ мәжбүрлейді- дейді. Бұл дұрыс ақидаға қайшы сеніп
болып табылады.
http://darulhijra.ru